Оқиға

Атыраудағы кісі өлтіру: психикалық ауру адам күдікті болып отыр

© Public DomainПышақ, балта
Пышақ, балта - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адамның ауруы жөнінде нақты мәлімет белгі болғанға дейін оны он күнгі қамауға алды.

АСТАНА, 1 қар — Sputnik. Атырауда 26 қазаннан бастап дүкенді тонау мақсатында дүкеншіні өлтірді деген күдікті қамауда отыр, деп хабарлады Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі. 

Соттың деректеріне сәйкес, 1971 жылы туған ер адам дүкенші — Өзбекстан Республикасының азаматшасын дүкен ішінде балта мен пышақ қолдану арқылы өлтірді деп күтіктенуде.  

"Күдікті 2 топ мүгедегі екені анықталған, сондай-ақ тергеушінің айтуынша күдікті психикалық ауруға шалдыққан, бұны анықтау үшін психо-неврология Орталығына мәлімет сұрату хаты жолданған", — деп хабарлады мемлекеттік органның баспасөз қызметі.

Сот психикалық дертке шалдыққан азаматтарға бұлтарпау шарасы қолданылмайтынын ескере отырып, оның ауруы жөнінде нақты мәлімет белгі болғанға дейін күзетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасын қысқа мерзімге белгіледі.


Жаңалықтар
0