АСТАНА, 14 қар – Sputnik. Сот Шығыс Қазақстан облысындағы сегіз жасар қызды өлтіру ісі бойынша күдіктіні қамауға алуға санкция шығарды, ер адамға, сондай-ақ сексуалдық зорлық жасады деген күдік келтірілді, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық соттың баспасөз қызметінде.
Бұрын облыстық ішкі істер департаментінде хабарлағандай, полиция қызметкерлері 1991 жылы туылған Зырян қаласының тұрғынын ұстаған. Тергеу барысы ІІД басшылығының жеке бақылауына алынған.
Соттың баспасөз қызметі ақпараттандырғандай, ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлімі, 10,14 тармақтары және 121-бабының 4-бөлімі ("Екi немесе одан көп адамды өлтіру" және "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша айып тағылған.
Күдіктіні қамауға алуға санкцияны Зыряндық аудандық сот берген.
Зырян қаласында оқушы қыздың жоғалып кеткендігі туралы хабарлама Зырян ҚІІБ-іне 10 қараша күні түстен кейін келіп түсті. Жоғалған қыздың қайда екенін анықтау үшін іздеу топтары қалыптастырылып, құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар, еріктілер тартылды. Тәжірибелік көмек көрсету үшін басшылық пен облыстық ІІД жедел және тергеу қызметінің қызметкерлері жіберілді. Іздеу барысында қаңырап бос қалған үйден қыздың жансыз денесі табылған.
КТК арнасының мәліметі бойынша, түс кезінде екінші сынып оқушысы мектептен шығып, аялдамаға беттегенімен, автобусқа мінбеген. Ал, сағат үш кезінде ұялы телефоны сөндірулі тұрған. Содан кейін қыздың туған-туыстары мен еріктілер оны шарқ ұрып іздей бастайды. Жергілікті тұрғындар жоғалып кеткен қызға ұқсайтын бүлдіршінді бір ер адамның қасынан көргендігін айтты. Туыстарының сөзіне сүйенсек, Вика өте тілалғыш қыз болған, ата-анасының рұқсатынсыз ешқайда бармайтын, бірақ аңғалдығы да жоқ емес көрінеді.