Оқиға

ІІД: ШҚО-да өлтірілген қыздың жоғалуына күдікті ұсталды

© AP Photo / Scott Eisenқамауға алу
қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұрын хабарланғандай, екінші сынып оқушысы мектептен шығып жоғалып кеткен. Бір тәулік өткен соң қараусыз қалған үйлердің бірінде оның күйікке шалдыққан денесі табылды.

АСТАНА, 14 қар – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері жансыз денесі іздеу барысында табылған сегіз жасар қыздың жоғалуына қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Қаза тапқан екінші сынып оқушысы Виктория Тойкенова (оң жақта) - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шығыс Қазақстанда сегіз жасар қыздың өлі денесі табылды

Зырян қаласында оқушы қыздың жоғалып кеткендігі туралы хабарлама Зырян ҚІІБ-іне 10 қараша күні түстен кейін келіп түсті. Жоғалған қыздың қайда екенін анықтау үшін іздеу топтары қалыптастырылып, құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар, еріктілер тартылды. Тәжірибелік көмек көрсету үшін басшылық пен облыстық ІІД жедел және тергеу қызметінің қызметкерлері жіберілді. Іздеу барысында қаңырап бос қалған үйден қыздың жансыз денесі табылған. 

"Жедел шаралар кешенін жүзеге асырған қызметкерлер күдіктіні анықтаған. Полиция қызметкерлері 1991 жылы туылған ер адам ұсталды. Ер адам Зырян қаласында тұрған", — делінген ІІД-нің хабарламасында. 

Полицияда атап көрсеткендей, ер адам қыздың жоғалуына қатысы бар деп күдік бойынша ұсталған. Бұл дерек бойынша "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық істі жан-жақты және объективті тергеу үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Тергеу барысы ІІД басшылығының жеке бақылауына алынған. 

КТК арнасының мәліметі бойынша, түс кезінде екінші сынып оқушысы мектептен шығып, аялдамаға беттегенімен, автобусқа мінбеген. Ал, сағат үш кезінде ұялы телефоны сөндірулі тұрған. Содан кейін қыздың туған-туыстары мен еріктілер оны шарқ ұрып іздей бастайды. Жергілікті тұрғындар жоғалып кеткен қызға ұқсайтын бүлдіршінді бір ер адамның қасынан көргендігін айтты. Туыстарының сөзіне сүйенсек, Вика өте тілалғыш қыз болған, ата-анасының рұқсатынсыз ешқайда бармайтын, бірақ аңғалдығы да жоқ емес көрінеді.


Жаңалықтар
0