Оқиға

Шығыс Қазақстанда сегіз жасар қыздың өлі денесі табылды

© Photo : YK-news.kz / соцсетиҚаза тапқан екінші сынып оқушысы Виктория Тойкенова (оң жақта)
Қаза тапқан екінші сынып оқушысы Виктория Тойкенова (оң жақта) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сегіз жасар Виктория Тойкенова бейсенбі 10 қараша күні жоғалып кеткен болатын, ертесінде бүлдіршін қыздың өлі денесі табылды.

АСТАНА, 12 қар – Sputnik.  Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласында тұратын кішкентай қыздың өлі денесі табылды.

КТК арнасының мәліметі бойынша, түс кезінде екінші сынып оқушысы мектептен шығып, аялдамаға беттегенімен, автобусқа мінбеген. Ал, сағат үш кезінде ұялы телефоны сөндірулі тұрған. Содан кейін қыздың туған-туыстары мен еріктілер оны шарқ ұрып іздей бастайды. Жергілікті тұрғындар жоғалып кеткен қызға ұқсайтын бүлдіршінді бір ер адамның қасынан көргендігін айтты. Туыстарының сөзіне сүйенсек, Вика өте тілалғыш қыз болған, ата-анасының рұқсатынсыз ешқайда бармайтын, бірақ аңғалдығы да жоқ емес көрінеді.

Аймақтық портал yk-news.kz хабарлауынша, алдын ала берілген, әлі дәлелденбеген деректер бойынша қыздың өртелген денесі Зырян қаласының оңтүстік бөлігінде қаңырап бос қалған үйден табылған. Сонымен қатар, әлі дәлелденбеген мәліметтер бойынша, полицейлер кішкентай қыздың өгей әкесінің қол астында жұмыс істеген күдіктіні ұстады. 

Полиция әзірше қандай да бір түсініктеме беруден бас тартып отыр.

Жаңалықтар
0