Қоғам

ІІМ: полицейлерге қарсы озбырлық үшін жазаны қатаңдату керек

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚазақстандық полицейлер
Қазақстандық полицейлер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов құқықтық тәртіпті қадағалаушы қызметкердің өміріне қол салғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды енгізуді қолдайды.

АСТАНА, 11 қар — Sputnik.  ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов Бас прокуратураның полицейлерге қарсы озбырлық үшін жауапкершілікті қатаңдату керек деген ұсынысын қолдайтындығын айтты.

Жол қозғалысын реттеуші - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Үш рет қағылған полицей: жүргізуші төрт бап бойынша жазаланады

Бұдан бұрын Қазақстан Бас прокуратурасы билік өкілдеріне бағынбау және оларға қарсы күш қолдану үшін жауапкершілікті қатаңдатуды ұсынған еді. Қадағалау органының мәліметінше, бұл шаралар құқықтық тәртіпті қорғаушы қызметкерлер қаза тапқан терактілерге қатысты ұсынылып отыр.

Бас прокуратура әзірлеген заң жобасы бойынша, құқықтық тәртіпті қадағалаушы қызметкердің өміріне қол салғаны үшін жеке жауапкершілікке тартуды енгізілуі тиіс. 

Қалмұханбет Қасымов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ІІМ: АҚШ-тағыдай полиция керек болса, АҚШ-тағыдай ақша төлеңіздер

"Басқа да азаматтардыкі секілді құқық қорғау органы қызметкерінің құқығы қорғалуы тиіс. Бұл бүкіләлемдік тәжірибе. Сол себепті мен құқықтық тәртіпті қадағалаушы қызметкердің өміріне қол салғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды енгізуді қолдаймын. Бұл қажетті іс-шара деп есептеймін", — деді Жақыпов тілшілерге. 

Жаңалықтар
0