АСТАНА, 21 қаз — Sputnik. Қазақстандық жол полицейлері батыстық әріптестерінің деңгейіне көтерілуі үшін сәйкесінше техника мен жалақы берілуі тиіс деп мәлімдеді Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.
Оның айтуынша, Қазақстан ІІМ өкілдері бірде-бір рет Грузияға барып, жергілікті полиция тәжірибесін зерттемеген.
"Ол жақта (Грузияда – ред.) бүкіл полицейлерді жұмыстан шығарған, екі рет жалақыны көтеріп, қайта жасақтаған. Біз де осындай шара қолдануға қарсы емеспіз", — деді Қасымов жұма күнгі парламенттік тыңдаулар барысында.
Қасымов қазақстандық полицейлердің жалақысы төмен екендігін мойындады.
"Бәрі айтады: "Полициямыз Германиядағыда, АҚШ-тағыдай болсын". Бұл тәжрибенің бәрін зерттеп білгенбіз. Неміс және америкалық полицейлеріндегідей жалақы және техникамен қамтамасыз етсек, бізде де нәтиже сондай болады", — деді министр.