АСТАНА, 24 қаз — Sputnik. Жексенбі күні бірқатар БАҚ-да қашып бара жатқан жүргізушінің полицейді көлігімен үш мәрте қағып өткендігі туралы ақпарат тараған болатын. Жүргізуші ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарлады Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
ІІД ақпараты бойынша, 29 жасар Toyota Camry жүргізушісіне қатысты ҚР Кодексінің 4 бабы бойынша әкімшілік іс жүргізу басталды: 610-бап 3-бөлік (көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушінің жол қауіпсіздігі ережесін бұзуы), 612-бап 3-бөлік (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің көлік жүргізуі), 613-бап 1-бөлік (ІІБ қызметкерінің заңды талаптарын орындамау), 230-бап.
Жүргізуші 2015 жылы қарашада көлік құралдарын басқару құқығынан айырлыған екен.
Оқиға куәгері Нұржан Бердішев полицейді екі рет қаққанын көріп, оны көлігіне отырғызып алып, құқық бұзушының соңынан қуған. Қашқынды қуып жеткенде, полицей көліктен атып шығып, тағыда Camry дөңгелегінің астына түседі. Жүргізуші әрі қарай қашамын деп бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, үш автокөлікпен соқтығысады. Жүргізуші сол кезде ғана ұсталған.
Полиция мәліметінше, көлік апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ.