АСТАНА, 21 қаз — Sputnik. Қазақстан жолдарындағы қорқынышты ахуал парламент мүшелері, орталық және жергілікті мемлекет органдары өкілдері мен сарапшылардың басын қосты. Спикерлер бірдей қорытынды шығарды: 2017-2020 жылдарға жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарлама құру керек.
Спикердің айтуынша, елімізде өткен жылы 19 мың көлік апаты болып, 2 жарым мың адам жол үстінде жан тапсырған, 24 мыңнан астам адам әртүрлі деңгейде жарақат алған.
Бұл көрсеткіш, спикердің пікірінше, ауқымды қарулы қақтығыс кезіндегі ақпараттан кем түспейді."Ал егер біздегі жол-көлік апаттары азаймай, осы күйінде қалса, алдағы 10 жылда 25 мың жерлесімізден айырыламыз. Бұған қоса миллиондаған адам жарақат алады. Сондықтан бұл өте өзекті мәселе және шұғыл шешімді қажет етеді", — деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.