Оқиға

Алматыда автобус апатқа ұшырады

© SputnikАлматыда автобус апатқа ұшырады
Алматыда автобус апатқа ұшырады - Sputnik Қазақстан
Жазылу

АСТАНА, 19 қаз — Sputnik. Сәрсенбі күні Алматыда жолаушылар автобусы мен бірнеше жеңіл автокөлік апатқа ұшырап, нәтижесінде алты адам әр түрлі деңгейде жарақат алды деп хабарлайды  қаланың ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек Sputnik Қазақстан агенттігіне.

тұман - Sputnik Қазақстан
Оқиға
СҚО-дағы жол апаты: мұғалімнің неге балаларды өз көлігімен әкеткені анықталуда

"Түске дейін Түріксіб ауданында автобус Сейфуллин көшесімен оңтүстікке қарай бет алған. Оған қарама-қарсы Daewoo Nexia автокөлігі келе жатқан. Екі транспорттың соқтығысуы нәтижесінде автобус автотұрақта тұрған тағы да екі көлікті қаққан. Көліктердің ішінде жүргізушілер болмаған. Содан соң, автобус инерциямен келіп, дүкенге соғылған", — деді Әзірбек. 

Оның мәліметінше, автобустың төрт жолаушысы мен жүргізушісіне және  Daewoo Nexia автокөлігі жүргізушісіне медициналық жәрдем қажет болды.

Оқиға куәгерлері Sputnik Қазақстан агенттігіне болған жайтты айтып берді.

" Қатты жылдамдықпен келе жатқан Daewoo Nexia жүргізушісі көлікті күрт тоқтатып, екі тұтас сызық арқылы бұрылмақ болған. Жүргізуші автобустан бұрын үлгерем деп ойласа керек. Соқтығыстан кейін автобус бетон бағананы құлатып, екі көлікті қағып барып, азық-түлік дүкеніне соғылды", — деді куәгер Андрей Егоров. 

Автобус кондукторы Халиданың мәліметінше, көлік апаты салдарынан туған ағасы, яғни автобус жүргізушісі мен  Daewoo жүргізушісі ауыр жарақат алған. 

"Екеуі де ауруханаға жатқызылды, қазір ағама операция жасап жатыр", — деді ол.

ІІД мәліметінше, көлік апаты фактісі бойынша сот алды тергеу ісі басталды, соның барысында сараптама кешені жүргізіліп, нәтижесінде апаттың нақты себебі анықталады.   

Жаңалықтар
0