Қоғам

Қазақстандағы мораторийден кейінгі өлім жазасы: ауыр жазаға кім кесілді

© AP Photo/Eric RisbergТүрме күзетшісі
Түрме күзетшісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2006 жылы танымал оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевты өлтірген Рустам Ибрагимов өлім жазасына кесілген еді.

АСТАНА, 2 қар — Sputnik. 2003 жылдан бері өлім жазасына мораторий қабылдаған Қазақстанда ең соңғы рет ауыр жазаға он жыл бұрын үкім шығарылған болатын. 

Судья алматылық атқыш Руслан Күлекбаевқа шығарылған үкімді оқып тұр - Sputnik Қазақстан
Оқиға
"Алматылық атқыш" Күлекбаев өлім жазасына кесілді

Мораторий қабылдағаннан кейін алғаш рет 2006 жылы  танымал оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевты, оның күзетшісі мен шопырын өлтірген Рустам Ибрагимов өлім жазасына кесілген болатын.  Бірақ кейіннен бұл жаза өмір бойына бас бостандығынан айыру мен алмастырылды.

Сол себепті, "алматылық атқыш" Руслан Күлекбаев қазіргі уақытта өлім жазасына кесілген жалғыз адам болып отыр. 

Танымал адвокат Джохар Өтебеков Күлекбаевқа шығарылған үкімді қазақстандық сот төрелігінің "кері кетуі" деп бағалады.

"Біздің колонияларда өлім жазасына кесілген ешкім жоқ. Күлекбаев тоғыз жыл ішіндегі алқашқы адам. Мұны кері кету деп айтсақ болады. Бүгін таңертең  біз тәжірибе жүзінде өлім жазасына кесетін  Еуропадағы Белоруссиядан кейінгі екінші ел болдық. Қазақстанда бұл жазаға он жыл бойы үкім шығарылмаған еді", — деп жазды Өтебеков Facebook парақшасында.

"ҚР конституциясы бейбіт уақытта адам өлімі орын алған террорлық қылмыс үшін ғана өлім жазасына үкім шығаруға жол береді. Енді сот, полиция және прокуратура бізге мынаны түсіндірсе екен: олар осы шешімімен Ата заңды бұзып отырған жоқ па? Күлекбаевтың  бұл қылмысқа полициядан өш алу үшін емес, теракт жасап қоғамның үрейін ұшыру үшін барғанын немен дәлелдейді?", — деп сұрақ қояды заңгер. 

Жазаларды орындау бойынша арнаулы жасақ бөлімінің қызметкері - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Адвокат: өлім жазасы мораторий күші жойылғаннан соң бір жылдан кейін орындалады

18 шілде күні Күлекбаев Алматыда полицейлерге шабуыл жасады. Бұл оқиғада 10 адам қаза тапты, оның ішінде әйел адам полицейлерге шабуыл жасар алдындағы түнде өлтірілген болатын. Қылмыскерді ұстау арнайы операциясын жүргізу кезінде қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі енгізілген еді. Шабуыл жасаған адам сол күні ұсталды. Ол бұрын екі рет сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы Күлекбаев болып шықты. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев болған оқиғаны теракт деп атады. Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде хабарлағандай, тұтқындалушы бұдан бұрын жазасын колонияда өтеп жүріп, салафиттермен байланысқа түскен.

Күлекбаев сотта өзінің полицияның бірнеше қызметкері мен бейбіт тұрғындарды өлтіргенін мойындап, жасаған әрекеттері үшін еш өкінбейтінін мәлімдеген. Ол кез келген жазаға дайын екендігін айтқан. Соңғы сөзінде ол құқық қорғау органдары азаптаған мұсылман бауырларымның кегін қайтардым деп есептейтінін мәлім еткен. 

2003 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторийді енгізу туралы" қаулыға қол қойған болатын. Қаулы өлім жазасының орындалуын тоқтатты, бірақ соттың өлім жазасына кесу туралы үкім шығаруына тыйым салмайды. Қазақстанда балама жаза ретінде 2004 жылдан бері өмір бойына бас бостандығынан айыру енгізілген. 

Жаңалықтар
0