Қоғам

Адвокат: өлім жазасы мораторий күші жойылғаннан соң бір жылдан кейін орындалады

© Sputnik / Михаил Мордасов / Медиабанкке өтуЖазаларды орындау бойынша арнаулы жасақ бөлімінің қызметкері
Жазаларды орындау бойынша арнаулы жасақ бөлімінің қызметкері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өлім жазасына Қазақстан Конституциясы бойынша адам шығыны болған террорлық актілерді жасаған қылмыскерлер тартылады.

АСТАНА, 27 қаз — Sputnik.  Айыпкер 18 шілдеде жасалған теракт үшін "алматылық атқыш" Руслан Күлекбаевты өлім жазасына кесуді сұрады. Sputnik Қазақстан агенттігі Қазақстанда өлім жазасына мораторий жарияланғанын есепке алғанда, бұл ең ауыр жаза түрі қалай орындалатындығын танымал адвокат Джохар Өтебековтен сұрап білді. 

Түрме - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Айыпкер Күлекбаевты өлім жазасына кесуді сұрады

Руслан Күлекбаев жасаған қылмыс террорлық акті деп бағаланды. Ол 10 адамды  - 8 полицей мен екі азаматты өлтіргені үшін айыпталып отыр. Күлекбаев бас бостандығынан айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесуі мүмкін бірқатар баптар бойынша сотталады. 

"Өлім жазасын болдырмау туралы мораторий – "жендеттерге арналған", яғни қылмыстық-атқарушы жүйе үшін және оның сотқа еш әсер етпейді. Сонымен қатар, мораторийдің қылмыстық-процессуалды және қылмыстық кодекске еш қатысы жоқ. Сол себепті сот қажет деп тапқан жағдайда өлім жазасына үкім шығара алады. Сот мораторий жайында бас қатырмауы тиіс", — деп пікірін білдірді Өтебеков.

"Мораторийдің күші жойылса, тек бір жылдан кейін ғана шығарылған үкім орындалады. Ал, сотталған адам өлім жазасын күту режимінде болады", — деді адвокат. 

Қазақстанда 2003 жылы 17 желтоқсанда республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаулысымен өлім жазасына мерзімсіз мораторий енгізілген болатын. Бұл жаза түрі 17 қылмыс құрамында қарастырылады, бірақ өте сирек жағдайда қолданылады.  Бұл жағдайларға адам өліміне қатысты террорлық қылмыстар және соғыс кезінде жасалған ауыр қылмыстар жатады. 

Өлім жазасына кесілген соңғы қылмыскерлердің бірі 2012 жылы желтоқсанда сотталған шекара сақшысы Владислав Челах болатын. Қазіргі уақытта ол өмір бойы бас бостандығынан айырылған. 

Жаңалықтар
0