АСТАНА, 2 қар — Sputnik. Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сәрсенбіде құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтің 8 қызметкерін қосқанда 10 адамды өлтірді деген айып тағылған Руслан Күлекбаевқа өлім жазасын тағайындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.
"Руслан Күлекбаевқа өлім жазасы тағайындалсын", — деді судья үкімді жариялау отырып.
18 шілде күні қаруланған ер адам Алматыда полицейлерге шабуыл жасады. Бұл оқиғада 10 адам қаза тапты, оның ішінде әйел адам полицейлерге шабуыл жасар алдындағы түнде өлтірілген болатын. Қылмыскерді ұстау арнайы операциясын жүргізу кезінде қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі енгізілген еді. Шабуыл жасаған адам сол күні ұсталды. Ол бұрын екі рет сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы Күлекбаев болып шықты. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев болған оқиғаны теракт деп атады. Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде хабарлағандай, тұтқындалушы бұдан бұрын жазасын колонияда өтеп жүріп, салафиттермен байланысқа түскен.