Оқиға

ІІМ басшысы Алматы банкіне жасалған шабуыл туралы айтып берді

© Photo : Пресс-служба правительства РКҚалмұханбет Қасымов
Қалмұханбет Қасымов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың пікірінше, банк күзетшісіне жасалған шабуыл қылмыстық сипатқа ие және радикалдардың іс-әрекетіне қатысы жоқ.

АСТАНА, 25 қаз – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі Алматы қаласындағы банк күзетшісіне жасалған шабуылдың  радикалдардың іс-әрекетіне қатысы жоқ деген пікірде деп хабарлады ведомство басшысы Қалмұханбет Қасымов.

Полиция - Sputnik Қазақстан
Оқиға
"Дабыл" арнайы жоспары: Алматыда "Центркредит" банкінің күзетшісіне шабуыл жасалды

Сейсенбі күні таңертең Алматы қалалық ІІД Жедел әрекет ету орталығына екі адам Алмалы ауданындағы "Центркредит" банкінің бөлімшесінің күзетшісіне шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Кім екені белгісіз екі адам күзетшінің қаруын тартып алып, қашып кеткен. Қалада "Дабыл" арнайы жоспары жарияланған еді. 

"Жоқ (радикалдардың іс-әрекетіне қатысы жоқ – ред.), әзірше мұндай байланыс бар деп ойламаймыз. Меніңше, бұл жай ғана қарақшылық сияқты", — деді Қасымов ҚР үкіметі отырысынан кейін. 

Тапанша - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қаскүнемдер банк күзетшісінің жарақат салатын тапаншасын тартып алған

ЦентрКредит Банкінің баспасөз қызметі мәлімдеуінше, күзет агенттігінің қызметкері қылмыскерлерге тойтарыс беріп, дене жарақатын алған. 

Банк бөлімшесінің бірде-бір қызметкері жараланбапты. Күзетшіге медициналық көмек көрсетіліген, қазір өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. 

Банк өкілдері қылмыскерлерді іздеу және ұстауға бағытталған шараларда бойынша Алматы қаласының ІІД қызметкерлеріне жәрдемдесуде. 

Жаңалықтар
0