АСТАНА, 25 қаз – Sputnik. Алматы ішкі істер департаментінде Алматыдағы банк күзетшісіне екі адамның шабуыл жасауы фактісі бойынша сот алды тергеу жұмысы басталды деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.
Сейсенбі күні таңертең Алматы қалалық ІІД Жедел әрекет ету орталығына екі адам Алмалы ауданындағы "Центркредит" банкінің бөлімшесінің күзетшісіне шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Кім екені белгісіз екі адам күзетшінің қаруын тартып алып, қашып кеткен. Қалада "Дабыл" арнайы жоспары жарияланған еді.
Полиция мәліметінше, қарақшылық кезінде қаскүнемдер тартып алған қару – жарақат салатын тапанша болған.
Қазіргі уақытта күдіктілердің кім екенін анықтап, оларды ұстауға бағытталған жедел және тергеу іс-шаралар кешені жүргізілуде.