Оқиға

"Дабыл" арнайы жоспары: Алматыда "Центркредит" банкінің күзетшісіне шабуыл жасалды

© Sputnik / Медиабанкке өтуПолиция
Полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда "Дабыл" арнайы жоспары жарияланды. Полиция шабуылшыларды іздестіруде.

АСТАНА, 25 қаз  — Sputnik. Алматыда екі шабуылшы "Центркредит" банкінің күзетшісіне шабуыл жасап, оның қаруын алып қойған, деп хабарлады қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.   

"Бүгін таңғы сағат 8.10-да Алматы қалалық ІІД Жедел әрекет ету орталығына екі адам Алматының Алмалы ауданындағы "Центркредит" банкінің бөлімшесінің күзетшісіне шабуыл жасап, оның қаруын тартып алды, деген хабар келіп түсті", — делінген хабарламада.  

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта қалада "Дабыл" ұстау жоспары жарияланған. Қылмыскерлерді іздестіруге және ұстауға бағытталған шаралар кешені өткізіліп жатыр. 

Sputnik Қазақстан ақпаратына сәйкес, банк күзетшісі шабуыл кезінде зардап шеккен жоқ. 
Жаңалықтар
0