Сағынтаев ЖІӨ өсуі туралы: миссия орындалады

© Photo : Служба центральных коммуникацийБақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бақытжан Сағынтаев үкіметі Қазақстан президенті берген 2016 жылы ЖІӨ 0,5%-ға дейін өсіру тапсырмасын орындауды мақсат етеді.

АСТАНА, 25 қаз – Sputnik, Дмитрий Покидаев. Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пікірінше, мемлекет басшысы берген Қазақстан экономикасын жағымсыз зонадан шығарып, осы жыл нәтижесі бойынша 0,5%-ға өсіру тапсырмасын орындауға болады.

Қашаған мұнай кен орны - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қашаған мұнайы әлемдік нарыққа шығарылды

Сонымен қатар, ол Ұлттық Банк пен үкіметтің қаржы-экономикалық блогына инфляцияның жоспарланған 6-8% —дан асып кетпеуі тиіс екендігін айтып өтті.

Тұңғиықтан жоғары қарай

Министрлер кабинетінің отырысы барысында премьер-министр өзінің орынбасары Асқар Маминге министрліктер және әкімшіліктермен бірігіп аймақтардағы әрбір кәсіпорын бойынша селекторлық жиналыс өткізуді тапсырды. Бұл шара "0,5% деңгейінде қалып қоймай, оны аттап өту үшін кімде қандай қорлар бар екендігін анықтау үшін" қажет. 

Урожай зерна - Sputnik Қазақстан
Экономика
АШМ: Қазақстан рекордтық астық жинады

Қазақстан үкіметі неліктен соншалықты үміт артып отыр? Бұған бірінші себеп — ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың осы отырыстағы баяндамасы бойынша, экономикалық даму қарқыны осы жылдың қаңтар-тамыз аралығында 0,3%-дан 0,4%-ға қарыштап, тауар өндірісі есебінен 0,2% —ға, қызмет көрсету есебінен 0,4% —ға жылдамдауы.

Бәрі ТКМК арқасында

Сонымен қатар Бишімбаев тау-кен өнеркәсібінің 4,4%-ға төмендегенін мойындады. Бұл мұнай, көмір және темір кендерін шығарудың қысқарғанына байланысты. Бірақ, бір қызығы, тау-кен өндірісі қарқынының төмендеуі, министрдің айтуынша, өнеркәсіп дамуын жылдамдатқан екен.

Нәтижесінде өңдеу өнеркәсібінің құлдырауы 2016 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы 2,3% —дан  9 ай нәтижесі бойынша 2% —ға дейін қысқарды. Өндірістік бағдарламаның арқасында тау-кен өнеркәсібінің құлдырауын өңдеу секторындағы жағымды динамика реттеп отыр", — дейді Бишімбаев. 

Қашаған мен рекордтық өнім

Ұлттық экономика министрі мәліметінше, ауыл шаруашылығы секторы да ерекше көзге түсті. Ауыл шаруашылығы өнімінің өсуі 4,9% —ды құрап, өсімдік өсіру өндірісі есебінен 7% —ға және мал өнімі есебінен 2,5% —ға өсті.

Сонымен қатар, жағымды үрдіске Қашаған мұнай кен орны жұмысының қалпына келуі себеп болды. Және министрдің айтуынша, Қазақстанның батысындағы алып кен орнын премьер министр айтқан болашақ қоры деп қарастыруға болады. 

Сағынтаев сөз соңында қол астындағылардан қосымша бөлінген бюджеттік қаражатты тиімді жұмсауды талап етті және бұл қаражатты жыл соңына дейін іске асыруды сұрады.

Жаңалықтар
0