Астана, 10 қаз – Sputnik. Қазақстанда 2017 жылғы 10 қазандағы жағдай бойынша 23 миллион тоннадан астам дәнді дақыл жиналды, ол ел үшін рекордтық көршеткіш болып табылады, деп хабарлады ҚР ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов.
"Республикада дәнді дақылдарды жинау аяқталды. Астықтың жалпы жиыны алғашқы салмақта 23,1 млн. тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 1,4 есеге жоғары және тәуелсіздігіміздің тариxында рекордты көрсеткіштердің бірі", — деді Айтуғанов.
Осы уақытқа дейін Қазақстан үшін ең жемісті 2009 жыл болған. Ол кезде республика бойынша бункерлік салмақта 22 миллион тонна астық жиналған. Орташа түсім гектарына 15,2 центнерді құрады.
Негізгі астық өндіретін өңірлерді 16,8 млн тонна астық орылды.
Сонымен қатар Қарағанды облысында 1,0 млн. тоннадан астам дәнді дақылдар бастырылды, бұл облыстың егін шаруашылығы тарихындағы рекордты өнім болып табылады.
"Дәнді дақылдарды жинау науқаны оңтайлы мерзімде аяқталуы барлық ұйымдастырушылық мәселелерді уақытылы шешудің нәтижесі болып табылады. Биылғы жылдағы дәнді дақылдарды жинау қарқыны күніне 375 мың га, 2015 жылдың деңгейінен 1,3 есе жоғары, ал 2014 жылмен салыстырғанда 2,6 есе жоғары болды", – деп атап өтті бірінші вице-министр.
Үкімет отырысы барысында, мақта, қант қызылшасын және күрішті жинау жұмыстары туралы айтылды. Айта кетсек, күріштің жалпы жиыны ағымдағы жылы гектарына 51 центнер түсімділікте 432 мың тоннаны құрады. Күріштің негізгі бөлігі өсірілетін Қызылорда облысында егін жинау аяқталуда.
Осыған қоса гектарына 327 центнер түсімділікпен 422 мың тонна қант қызылшасын жинау күтілуде. Өңірлерден астықты кептіруге дизель отынының қосымша көлемін бөлуге өтінімдер келіп түсті.