Әлем

Тікұшақ апатынан аман қалған министр жағаға 12 сағат жүзіп жетті – видео

© Sputnik / Игорь Онучин / Медиабанкке өтуВертолет Ми-8, архивное фото
Вертолет Ми-8, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2021
Жазылу
Тікұшақ бортында министрден бөлек тағы үші адам болған, екеуі із-түзсіз жоғалып кетті
НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Мадагаскарда 57 жастағы полиция министрі Серж Желле тікұшақ апатынан кейін жағалауға 12 сағат бойы жүзіп жеткен. Тікұшақ кеме апаты болған жерге бара жатқанда теңізге құлаған.
​Ресми мәліметке сәйкес, төтенше жағдай 20 желтоқсанда болған. Мадагаскардың солтүстік-шығыс аймағында жолаушылар кемесі батып кеткен. Бортта 120 адам болды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 64 жолаушы қайтыс болды. 45 адам құтқарылды, 20 адам із-түзсіз жоғалып кетті.
Полиция министрі Серж Желле тағы үш қызметкерді алып, кеме батып кеткен жерге тікұшақпен барған. Бірақ аяқ астынан қатты жел көтерілді. Соның салдарынан әуе кемесі теңізге құлады, деп хабарлайды France Presse.
Министр аман қалды. Ол жақын жағалауға дейін 12 сағат бойы жүзіп жеткен. Сол жерде оны балықшылар көріп, көмек шақырған.
"О дүниеге аттанатын күнім әлі келген жоқ", — дейді Серж Желле.
Оның айтуынша, апат кезінде зардап шеккен жоқ. Бірақ қатты тоңып қалған.
Желлемен бірге тікұшақта пилот, полковник Хери Ракотомилиарисон, полковник Оливье Андрианамбинина және аға сержант Андрианарисон Лайтсара Джимми болған. Министр мен сержант аман қалды. Ал пилот пен полковник табылған жоқ.
Сержанттың қалай аман қалғаны белгісіз. Екеуі де Махамбо қаласының жағалауына жүзіп жеткен. Бірақ алдымен Желле, одан кейін сержант келген.
Ал суға батып кеткен жолаушылар кемесі тым көп адамды мінгізген. Соның салдарынан апатқа ұшырады. Осы оқиғадан кейін Мадагаскар президенті Андри Радзуэлина ұлттық аза тұту күнін жариялады.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0