Оқиға

Қазақстанның солтүстігінде дәрігерлер мінген тікұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды

© Photo : КазавиаспасТікұшақ Ерейментау маңында шұғыл түрде қонды
Тікұшақ Ерейментау маңында шұғыл түрде қонды - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2021
Жазылу
Тікұшақ бортында жеті адам отырған. Әуе оқиғасынан зардап шеккендер жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Ақмола облысында қозғалтқыштағы ақауға байланысты Ми-8 тікұшағы шұғыл қонды.

Оқиға жұма, 26 қарашада болды. Ми-8 АМТ тікұшағы жедел өтінім бойынша Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға ұшып бара жатқан. Өтінімді ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы берді.

Алайда тікұшақ Ақмола облысы Ерейментау ауданы Өрнек ауылы маңында (елордадан шамамен 100 шақырым) қонуға мәжбүр болды. Бортта бес адамнан тұратын экипаж және екі дәрігер болған.

"Мәжбүрлі түрде қонуға оң қозғалтқыштың тербелісі себеп болды. Тікұшақ аман-есен қонды, зардап шеккендер жоқ. Экипаж бен дәрігерлер резервтік әуе кемесімен шығарылды", - деп мәлімдеді "Қазәуеқұтқару" баспасөз қызметіндегілер.

Бұл тікұшақ кепілдікте тұр. Әуе кемесін өндіруші зауытпен бірге тексереді.

Оқи отырыңыз: 

Ресейде ұшақ құлады

Камчаткадағы тікұшақ апаты: үш адамның мәйіті табылды

Жаңалықтар
0