Оқиға

Биік жартастан құлаған турист тікұшақпен эвакуацияланды - фото

© Photo : Instagram / РОСО"Қазавиақұтқару" АҚ ұшағы
Қазавиақұтқару АҚ ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2021
Жазылу
Олар қайтар жолды қысқартамыз деп, бағыттан адасып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Үлкен Алматы шыңы бағытында зардап шеккен
туристті эвакуациялады. 

Зардап шеккен ер адам туралы ақпарат 11 қыркүйекте келіп түсті. Автокөлікпен Космостанцияға дейін жеткен құтқарушылар, әрі қарай жаяу жүріп шықты.

Біраз уақыттан кейін, Проходное шатқалы арқылы зардап шегушіге көтерілетін тағы бір жедел топты іске қосу туралы шешім қабылданды.

Ер адам 12 қыркүйек таңғы сағат 5-те қол шалғайдағы жартасты жерден табылды, жанында екі жол серігі бар екен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Roso_kazakhstan (@roso_kazakhstan)

Туристер Үлкен Алматы шыңына қарай бет алған, алайда өз күштерін бағалап, шыңға қараңғылық түскенге дейін үлгермейтіндіктерін түсініп, артқа қайтқан. Олар қайтар жолды қысқартуға шешім қабылдап, бағыттан адасып кеткен. Нәтижесінде қауіпті тік жерге тап болған, салдарынан жігіт бес метрлік жартастан құлап, екі аяғын жарақаттады.

Құтқарушылар ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Зардап шегушінің жағдайы орташа болғанмен, қатты ауырсынуды сезінген.

Түркістан облысында төрт жігіт неден қайтыс болғаны анықталды

Күрделі таулы рельефтен өзге, құтқару жұмыстарын ауа-райының жағдайы айтарлықтай қиындатты, тауда қатты жел және жаңбыр аралас қар жауды.

Зардап шегушіні зембілмен ұзақ уақыт тасымалдау мүмкін болмады, себебі жағдайы нашарлауы мүмкін еді. Сондықтан олар "Қазавиақұтқару" тікұшаған шақыруға мәжбүр болды.

Құтқарушылар ер адамды зембілмен тікұшаққа тапсыруға ынғайлы жерге дейін тасымалдады.

"Қазавиақұтқару" АҚ бортында РЖҚЖ қызметкерлері туристі Үлкен Алматы шатқалындағы тікұшақ алаңына дейін эвакуациялап, Апаттар медицина орталығының қызметкерлеріне тапсырды.

Жаңалықтар
0