Әлем

"Омикрон" штамы әлемнің 23 елінде табылды – ДДСҰ

© AFP 2024 / LILLIAN SUWANRUMPHAАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2021
Жазылу
ДДСҰ коронавирустың жаңа түрі "дельтаға" қарағанда жылдамырақ тарайды деп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Коронавирустың "омикрон" штамы әлемнің 23 елінде табылды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді.
"Бес өңірде кем дегенде 23 ел ДДСҰ-ға жаңа штамның анықталғанын хабарлады. Біз олардың саны әлі де өседі деп топшылап отырмыз", - деді ұйым басшысы брифингте.
"Омикронның" жұқпалығы туралы көбірек мәлімет алдағы күндері пайда болады, деді ДДСҰ төтенше аурулар бөлімшесі техникалық тобының басшысы Мария Ван Керкхове.
"Біз мұның қандай штамм екенін енді ғана түсініп келе жатырмыз. <...> Біздің қолымызда толық ақпарат жоқ, бірақ ол жылдамырақ тарайды деген болжам бар", - деп нақтылады ол.
Оның айтуынша, ДДСҰ пандемияның бірнеше сценарийін қарастырып жатыр. Солардың бірінде жаңа штамның "дельтаға" қарағанда жұқпалы әрі тез таралаты ескерілген, деп жазады РИА Новости.
Оқи отырыңыз: 
Жаңалықтар
0