Денсаулық

Коронавирустың жаңа штамы шықты – "омикронның" негізгі белгілері қандай

© REUTERS / NIAID-RMLВид на зараженную коронавирусом клетку под микроскопом
Вид на зараженную коронавирусом  клетку под микроскопом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2021
Жазылу
ОАР дәрігері Анжелик Кутзее омикрон-штамның басты симптомы қатты шаршау деп есептейді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Оңтүстік Африка Республикасының дәрігері Анжелик Кутзее коронавирустың омикрон-штамына тән негізгі белгілерді атады, деп хабарлайды The Telegraph.

Омикрон қалай және қашан анықталды

Таяуда пациенттер коронавирустың өзгеше бір симптомына шағымдана бастады. Сол кезде дәрігерлер мутацияның жаңа түрі шыққанын түсінді.

Емханаға барған науқастардың көбісі – жастар. Олардың барлығы қатты шаршап жүргенін айтқан. Пациенттердің ішінде алты жасар бала да болды. Оның тамыр соғысы жиілеп, дене қызуы көтеріліп кеткен. Екі күннен кейін жағдайы жақсарды. Коронавирустың жаңа штамына шалдыққандар иіс, дәм сезу қабілетінен айырылмаған.

"Мен бұған дейін ондай симптомдарды көрген жоқпын", - дейді Кутзее.  

Анжелик коронавирустың жаңа белгісін 20 науқастан байқаған. Олардың барлығы ПТР-тест тапсырып, оң нәтиже алған. Пациенттердің дені – денсаулығы мықты ер адамдар. Бәрі қатты шаршап жүргенін айтты. 

Омикрон-штамның ерекшелігі

Бірнеше күн бұрын ғалымдар Оңтүстік Африка Республикасында және Ботсванада коронавирустың B.1.1.529 штамы шыққанын хабарлады. Ол S-ақуызына түскенде 32 мутациясы пайда болып, ағзада тарап кетеді.

Оқи отырыңыз: Қазақ ғалымдары коронавирусқа қарсы бес вакцина жасап шығарды 

Ғалымдардың ойынша, SARS-CoV-2 геномындағы жаңа өзгерістердің басым бөлігі омикрон-штамның аса жұқпалы екенін көрсетіп отыр. Вируспен ауырып шыққандар мен екпе алғандардың антиденелерін айналып өтуі де мүмкін. Әзірше зерттеулердің нақты нәтижесі шыққан жоқ.

Мамандардың болжамына сәйкес, B.1.1.529 штамы әу баста иммунитеті әлсіз адамның ағзасында пайда болған. СПИД немесе ВИЧ-пен ауыратындардан тараған болуы мүмкін.

Омикрон-штамм қай жерде анықталды

Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған мәліметке сәйкес, Оңтүстік Африка Республикасында шамамен 100 науқас анықталды. Басқа мемлекеттер де омикрон-штамм табылған. Олар:

  • Гонконг;
  • Израиль;
  • Бельгия;
  • Чехия;
  • Германия;
  • Ұлыбритания;
  • Италия;
  • Аустралия;
  • Нидерланд;
  • Австрия.

Барлық жағдайда вирус сырттан әкелінген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өткен аптада шұғыл жиналыс шақырып, B.1.1.529 штамына қатысты алаңдаушылық білдірді. Оған "омикрон" деген атау берілді. Қазіргі кезде Еуропа одағы мен басқа да елдер кейбір Африка мемлекеттерінен келетін адамдарды кіргізуге тыйым салып отыр.

Жаңалықтар
0