Қоғам

Қазақ ғалымдары коронавирусқа қарсы бес вакцина жасап шығарды

© Sputnik / Тимур НиталиевВ Казахстане произвели первую партию национальной вакцины от коронавируса
В Казахстане произвели первую партию национальной вакцины от коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2021
Жазылу
Отандық вакцина туралы мақала The Lancet тобына кіретін беделді EClinicalMedicine медициналық журналында жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Коронавирус инфекциясына қарсы бес вакцинаны Қазақстан білім және ғылым министрлігі Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірледі. Олардың ішіндегі ең танымалы — тиімділігі клиникалық зерттеулермен дәлелденген, белсенділігі жойылған "QazVac» вакцинасы, деп хабарлады Хабар 24.

БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінше, отандық вакцина туралы мақала The Lancet тобына кіретін беделді EClinicalMedicine медициналық журналында жарияланды. Сондай-ақ ғалымдар 1 суббірлікті, 2 рекомбинантты және 1 тірі вакцина әзірледі.

AstraZeneca - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2021
Экономика
Қазақстан AstraZeneca фармкомпаниясымен меморандумға қол қойды
"Пандемия кезінде біз бірден бес платформада бірнеше вакцина жасай бастадық. Бұл инактивтендірілген "QazVac"вакцинасы, вирус ақуызына негізделген "QazCOVAC-P" суббірлікті вакцинасы, екі рекомбинантты және бір тірі вакцина. "QazCOVAC-P" суббірлікті вакцинасы клиникалық зерттеулерден өтіп жатыр. 44 еріктінің қатысуымен зерттеудің бірінші кезеңі аяқталды. Қазір 200 еріктінің қатысуымен клиникалық зерттеулердің екінші кезеңі жүргізілуде. Бұған дейін "QazCOVAC-P" вакцинасы зертханалық жануарларға жасалған клиникаға дейінгі зерттеулерден сәтті өтті. Оның ішінде макака-резус маймылдары да болды", – деп атап өтті БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор Күнсұлу Закарья.

"QazCOVAC-P" суббірлікті вакцинасы вирус ақуызы мен май компонентінен тұрады. Сынақтар 18 жастан асқан еріктілер арасында өтіп, осы кезеңде вакцина өзінің қауіпсіздігін көрсетті. Ғалымдар әзірлеген каприпоксвирус пен тұмау вирусына негізделген рекомбинантты вакциналардың әзірге атауы жоқ. Бірінші рекомбинантты вакцина зертханалық жануарларда клиникаға дейінгі сынақтардан өтіп жатса, екіншісі – эксперименттік үлгілерді алу және дайындау мен бақылаудың стандартты әдістерін әзірлеу сатысында.

Тірі вакцина әлсіреген SARS-CoV-2 вирусы мен тұрақтандырғыш компоненттер негізінде жасалады. Аттенуирленген штамм алу үшін 150-ден астам пассаж жүргізілді. Қазір вакцинаның иммунобиологиялық қасиеттері тексерілуде. Сондай-ақ ғалымдар тірі вакцина жасаудың стандартты әдісін әзірлеп жатыр. Препарат зертханалық жануарларға сынақтан өтті.

Алдын ала мәлімет бойынша вакцина қауіпсіз және жоғары иммуногенді болып саналады.

Осы уақытқа дейін БҚПҒЗИ ғалымдары препараттардың 60-тан астам атауын, оның ішінде 16 тест-жүйесін және 15-тен астам түрлі биопрепарат әзірлеп шығарды. Соңғы 10 жылда институт ғалымдары құс және шошқа тұмауы, нодулярлық дерматит, түйе шешегі мен бруцеллезге қарсы және басқа да отандық вакциналарды дайындау технологиясын жасады.

Жаңалықтар
0