Экономика

Қазақстан AstraZeneca фармкомпаниясымен меморандумға қол қойды

© AP Photo / Alastair GrantAstraZeneca
AstraZeneca - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2021
Жазылу
Қазақстан-Британия үкіметаралық комиссиясының сегізінші пленарлық отырысында ірі британиялық фармацевтикалық компаниямен келісімге қол жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Қазақстан мен британиялық AstraZeneca фармацевтикалық компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Уағдаластыққа сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британия үкіметаралық комиссиясының сегізінші пленарлық отырысында қол жеткізілді.

"Шара қорытындысы бойынша 8-ші ҮАК отырысының хаттамасына және Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі мен ірі британиялық Astra Zeneca фармацевтикалық компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл меморандум респираторлық, онкологиялық және жаңа технологияларды енгізу арқылы басқа да ауруларды емдеу бойынша өзара іс-қимылдың одан әрі даму мүмкіндіктеріне жол ашады", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, AstraZeneca – коронавирусқа қарсы вакцина өндірушілердің бірі. 

Оқи отырыңыз: 

Қазақстанға келесі апта Pfizer вакцинасы жетеді

Вакцина алмағандар жұмыс күндері де сауда орталықтарына кіре алмауы мүмкін

Жаңалықтар
0