Әлем

Германияда ер адам автобус жолаушыларын кепілге алды – видео

© Birgit Reichert/dpa via APСкорая и полиция Германии. Архивное фото
Скорая и полиция Германии. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2021
Жазылу
Неміс бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, автобуста жанжал болған. Полиция күдіктіні ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Германияның оңтүстігіндегі А9 тасжолында туристік автобустың жолаушыларын кепілге алған қаруланған адам ұсталды.

​"Қару әлі табылған жоқ. Автобусты тінту жалғасып жатыр, - деп жазды Twitter-де Бавариядағы Орта Франкония әкімшілік округінің полициясы.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, екі адам зардап шеккен. Қаза болғандар туралы ақпарат жоқ.

Шетелден келген автобуста жанжал шыққан. Оқиға орнына арнайы жасақ, сондай -ақ полиция тікұшағы келді. Үш жарылыс болғаны туралы хабарланды.

Күш құрылмдарының қызметкерлері арнайы операция кезінде жабылған тасжолды жақын арада ашуға уәде берді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0