НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір — Sputnik. Қаруланған ер адам Тбилисидегі банктердің бірінің филиалына басып кіріп, адамдарды кепілге алды, деп хабарлайды РИА Новости "Рустави 2" телекомпаниясына сілтеме жасап.
"Бірнеше минут бұрын Тбилисидегі банктердің бірінің филиалына қаруы бар адам басып кіріп, адамдарды кепілге алғаны белгілі болды. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері шұғыл жетті", - деп хабарлады телеарна.
Қылмыстық әрекетке барғандардың қандай талап қойғаны туралы әзірше ақпарат жоқ.
Өткен жылдың қарашасында қаруланған адам Тбилисидегі шағын қаржылық мекеменің ғимаратына басып кіріп он адамды кепілге алған болатын.