Әлем

Кариб теңізінен 20 адамның мәйіті жатқан қайық табылды

© Photo : СС0 / Free-PhotosТеңіз жағасындағы қайық
Теңіз жағасындағы қайық - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2021
Жазылу
Балықшылар Кариб бассейні аралдары маңынан жиырма адамның денесі жатқан қайықты тапты

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Кариб теңізінде Гранд-Терк аралының маңынан 20 адамның мәйіті жатқан қайық табылды.

Мигранты - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2021
Әлем
Мигранттар мінген қайық аударылды: кем дегенде 130 адам көз жұмды
"Елес қайықты" 24 маусымда балықшылар байқаған.

Қайықтан 20 адамның сүйегі шығарылды, олардың арасында екі бала бар. Қазір қаза болғандардың жеке басы, өлім себептері мен оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды РИА Новости.

Адамдардың денесі шіріп кеткен. Полицияның ресми өкілі Такара Байнның айтуынша, олардың неден көз жұмғаны әзірге белгісіз, бірақ күштеп өлтіру туралы сөз болып отырған жоқ.

Болжам бойынша, қайық Кариб өңірінен келген. Ал Багам аралдарынан оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан Теркс және Кайкос соңғы аялдама болмаған.

Құқық қорғау органдары марқұмдардың аты-жөнін және өлім себебін анықтап жатыр.

Жаңалықтар
0