НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Кариб теңізінде Гранд-Терк аралының маңынан 20 адамның мәйіті жатқан қайық табылды.
"Елес қайықты" 24 маусымда балықшылар байқаған.
Қайықтан 20 адамның сүйегі шығарылды, олардың арасында екі бала бар. Қазір қаза болғандардың жеке басы, өлім себептері мен оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды РИА Новости.
Адамдардың денесі шіріп кеткен. Полицияның ресми өкілі Такара Байнның айтуынша, олардың неден көз жұмғаны әзірге белгісіз, бірақ күштеп өлтіру туралы сөз болып отырған жоқ.
Болжам бойынша, қайық Кариб өңірінен келген. Ал Багам аралдарынан оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан Теркс және Кайкос соңғы аялдама болмаған.
Құқық қорғау органдары марқұмдардың аты-жөнін және өлім себебін анықтап жатыр.