17:22 02 Наурыз 2021
Тікелей эфир
  • USD417.90
  • EUR503.07
  • RUB5.64
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
71 0 0

Экономистер алтынның бір унциясы 15 мың долларға дейін, күміс 100 долларға дейін қымбаттайды деп болжады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Америка валютасы екі жылдық ең төменгі деңгейге дейін құлдырады. Оған бірден бірнеше фактор қысым жасап отыр.

Қаржыгерлер доллар жарты құнын жоғалтады деп санайды. Бұл көбіне әне-міне қаржы министрі болғалы отырған Федералдық резервтің бұрынғы басшысы Джанет Йелленге байланысты болмақ, деп жазды РИА Новости.

Желтоқсан айының соңында доллар индексі бес жарым процентке төмендеді. АҚШ экономикасына жаңа басылған доллардың жаппай құйылуы инвесторларды алаңдатып отыр.

Маусымнан бастап ақша көлемінің өсу қарқыны жылдық 22 проценттен ешқашан төмендеген жоқ. Бұл тарихтағы ең жоғары көрсеткіш.

Әсель Робертс АҚШ протоколы басшысының міндетін атқарушы
© Photo : Санжар Дүйсенәлінің Facebook-тегі парақшасынан алынды
Баспа станогы инфляцияға тірелері анық. Бірақ федералдық резервтік жүйе қазірдің өзінде мақсатты мәнін "орта есеппен екі процент" деп өзгертті. Бұл инфляция күткен деңгейден асып кетсе, негізгі мөлшерлемені көтермеу үшін жасалған шара. Яғни, реттеуші проценттік мөлшерлемелерді нөлге жуық деңгейде ұстап тұруға ниетті. Бұл экономиканы қолдағанымен, долларға кері әсер етеді.

Reuters агенттігінің валюталық стратегтер сауалнамасы долларлық активтерге салынған инвестицияның кірісінен айырылған соң, инвесторлар қауіпті болса да басқа жолдарды іздейтінін көрсетті.

"Доллар бұрынғыдай барлық көрсеткіш бойынша асыра бағаланды. ФРЖ ақша-несие саясаты мұны түзетеді", - дейді Societe Generale валюта стратегиясының басшысы Кит Джукс.

Қараша айында-ақ сарапшылар жаңа сайланған президент Джо Байденнің кезінде доллардың құлдырайтынын болжаған болатын. Демократтардың жоспарында жалпы құны үш триллионға жуықтайтын қаржылық қосымша ынталандыру мен көмектің жаңа пакеттері бар. Бұл долларды ұзақ мерзімді уақытта әлсіретеді. Себебі, ол бюджет тапшылығының артуы мен оны жабуға қажетті ішкі қарыздардың ұлғаюуына алып келеді.

Вакцинаның таралуы да Америка валютасы үшін жағымсыз әсер етпек. Өйткені экономикалық белсенділіктің артуына алып келіп, "инвесторлардың ең сенімді панасы" деген терминді жоққа шығарады. Жыл соңында вакцина туралы ақпарат аясында доллар 2017 жылдан бергі ең үлкен жылдық құлдырау мәніне ие болды.

Экономистердің болжамдары да көңіл көншітпейді. Citigroup банкінің бағалауынша, демократтардың билікке келуі 2021 жылы доллардың 20 процентке әлсіреу ықтималдығын арттырып отыр. Morgan Stanley Asia директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Стивен Роуч та осыған ұқсас пікір білдіріп, АҚШ бюджеті тапшылығының өсіп келе жатқанын және ФРЖ-ның нөлдік деңгейге қатысты саясатын еске салды.

Ал, қаржыгер Джим Рикардс бұдан да үрейлі болжам жасап отыр. Оның пікірінше, АҚШ-қа қарыз проблемасымен айналысуға тура келеді де, оның шешімі долларды 50 процентке девальвациялауды талап етеді.

Сонымен бірге, экономист алтынның бір унциясы 15 мың долларға дейін, күміс 100 долларға дейін қымбаттайды деп болжайды. Ол АҚШ халықаралық қаржы жүйесіндегі америкалық үстемдікке қарсы шыққан бірқатар мемлекеттің қысымына ұшырағанын айтты. Бірінші кезекте әңгіме Ресей мен Қытай туралы болып отыр. Мәскеу мен Бейжің алтын көптеп сатып алып, долларды резервтен шығарып жатыр.

"Соңғы бірнеше жылда Ресей алтын валюталы резервтерін айтарлықтай арттырды. Сондай-ақ, Мәскеудің қарызы да соншалықты көп емес. Орыстардың бағалы металға басымдық беретіні жасырын емес. Рубль – әлемдегі алтынмен қамтамасыз етілген валюта", - деп түсіндірді аналитик.

Байденнің командасы жұмысқа кірісті. Барлық министрліктің басшысы ауысып жатыр. Мысалы, Федералды резервтік жүйенің экс-басшысы Джанет Йеллен қаржы министрлігінің тізгінін қолына алады. Bloomberg еске салғандай, ОЛ "америкалық экспорт үшін әлсіз доллардың артықшылығын насихаттаған".

Бұл экономистерді алаңдатып отыр. "Доллар тағдырына немқұрайлы қарайтын белсенді девальвационист болу ақылға қонымсыз болар еді", - деді президент Клинтон кезіндегі қаржы министрі және Барак Обама әкімшілігінің ұлттық экономикалық кеңесінің басшысы Ларри Саммерс. Саммерс айтқандай, "доллардың әлемдік қаржы жүйесіндегі үстемдігі қазынашылыққа өз міндеттерін мұқият орындау үшін жауапкершілік жүктейді".

Йелленнің кеңесін АҚШ-тың бұрынғы қаржы министрі және Goldman Sachs компаниясының бұрынғы бас директоры Ханк Полсон да берді. "Пайыздық мөлшерлемелер тарихи ең төменгі деңгейде, ал федералдық қарыз Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгіден де жоғары", - дейді экономист.

"Америка Құрама Штаттары бәсекелестікке қол жеткізу үшін әлдеқайда әлсіз валютаға ұмтылмайды. Біз осындай әрекет жасап жатқан басқа елдерге кедергі келтіруіміз ерек", - деді сенаттың қаржы комитетіндегі жиналыста қаржы министрі қызметіне үміткер.

Жалпы, болашақ қаржы министрі долларға жақсылық алып келмейтін мәлімдеме жасап қойды. АҚШ-қа қалай болғанда да долларды "құлату" керек. Себебі, бұл сауда тапшылығын қысқарту үшін керек. Бұл Байден үшін экономиканы қалпына келтірудің жалғыз жолы болуы да ықтимал.

Загрузка...

Басты тақырып