Саясат

Джо Байденмен жұмыс істейді: қазақ қызы АҚШ-та жаңа қызметке кірісті

© Photo : Санжар Дүйсенәлінің Facebook-тегі парақшасынан алындыӘсель Робертс АҚШ протоколы басшысының міндетін атқарушы
Әсель Робертс АҚШ протоколы басшысының міндетін атқарушы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Протокол басшысы АҚШ мемлекеттік департаментінің лауазымды тұлғасы саналады, ол АҚШ президенті, вице-президенті мен мемлекеттік хатшысына кеңес береді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Қазақстан тумасы Әсел Робертс (Төленова) АҚШ протоколы басшысының міндетін атқарушы қызметіне кірісті. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми сайтында хабарланған.

"Әсел К.Робертс 2021 жылдың 20 қаңтарынан АҚШ протоколы басшысының міндетін атқарушы лауазымына кірісті. Протокол басшысы кеңсесінде 15 жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар ол соңғы уақытта аға кеңесші қызметін атқарған еді", - делінген хабарламада.

Қазақ қызы Джорджтаун университетінің Эммунд Уолш атындағы дипломатиялық қызмет мектебін тәмамдаған. Қазақ, орыс және жапон тілдерінде сөйлейді.

Айта кетсек, протокол басшысы – АҚШ мемлекеттік департаментінің лауазымды тұлғасы. Оның міндеті – АҚШ президенті, вице-президенті және мемлекеттік хатшысына мемлекеттік және халықаралық дипломатиялық протокол мәселелері бойынша кеңес беру.

Әсел Робертс туралы не білеміз

Бұған дейін Sputnik Қазақстан Әсел Төленованың АҚШ президенті әкімшілігінде басшылық қызмет атқарып жүргенін жазған еді. Әлеуметтік желілерде оның экс-президент Барак Обамамен және жаңадан сайланған президент Джо Байденмен түскен суреттері тарады.  

"Ағайындар" жинағына Әсел Төленованың өмірбаяны енгізілген. Оған сәйкес, Әсел 1976 жылы Алматыда дүниеге келген.

1993 жылы АҚШ-тың Джорджтаун университетіне оқуға түсіп, халықаралық дипломатия мамандығын меңгеріп шықты.

1998 жылдан бастап АҚШ мемлекеттік департаменті протокол басқарушысының сыртқы қатынастар жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген. Ал 2014 жылы АҚШ президенті протоколы басшысының орынбасары қызметіне дейін көтерілді.

Жаңалықтар
0