Дональд Трамптың ел тізгінін қолына ұстаған шақта қандай "рекордтар" орнатқаны туралы Sputnik фототоптамасынан тамашалаңыз.
Дональд Трамп инаугурациядан кейін бірден Транс-Тынық мұхиты серіктестігінен шығатынын жариялады. Бұл Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 12 елді біріктіретін сауда келісімі. Кейінірек, оның бастамасымен Америка Құрама Штаттары бірқатар халықаралық келісімдерден бас тартты. Мысалы, АӨСШК, Ресеймен арадағы "ашық аспан" келісімшарты, Иранмен жасалған ядролық келісім. Сонымен қатар олардың қатарында ЮНЕСКО, ДДҰ және Адам құқықтары жөніндегі кеңес секілді халықаралық ұйымдар да бар.
Трамптың сайлауалды бағдарламасының ішіндегі ең бастысы – "Американы қайтадан ұлы ел етеміз" деген ұран болды. Сондықтан ол Мексикамен шекарада қорған құрылысын бастауды алғашқы қадам ретінде бағалады. Трамптың пікірінше, бұл заңсыз миграцияның деңгейін төмендетеді. Өзі билік еткен бастапқы уақытта Трамп осы жобаға қосымша қаржы табу үшін бюджет құжаттарына қол қоймай, елдегі үкімет пен барлық мемлекеттік органдардың жұмысына кедергі келтірді. Оның президенттік өкілеті аяқталар шақта ұзындығы 3,1 мың киломтерді құрайтын шекараның бар болғаны 700 километріне "Трамп қорғаны" салынды.
АҚШ пен Солтүстік Корея көшбасшыларының тарихи кездесуі Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның өзара жақсы қарым-қатынасына қарамастан, қандай да бір келісімдердің жасалуына алып келген жоқ.
Бірнеше жыл бойы ел экономикасы президент Трамптың әлеуетіне айналды. Пандемияға дейін үздіксіз өсім кезеңі он жылды құрады. Бірақ коронавирус басталғаннан кейін барлығы құрдымға кеткендей.
Оқи отырыңыз: Рейганнан Трампқа дейін: АҚШ президенттерінің инаугурациясы қалай өтті – фото
Трамп президенттігінің соңғы жылындағы экономиканың құлдырауын кезекті "ұлы депрессиямен" салыстырды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы алдыңғы көшбасшы Барак Обама мұрасының көзін құртуға деген ұмтылыс коронавирус бойынша статистикада АҚШ-тың трагедиялық көш бастауына себепші болғандай: елде коронавируспен ауырғандар саны 24 миллион адамға жетсе, оның ішінде 398 мың адам көз жұмған. Бұл мінсіз әлемдік "рекорд".
Президент болған шағында Дональд Трамп Айды "жекешелендіріп", қорғаныс бюджетін айтарлықтай ұлғайту арқылы елде ғарыш әскерлерін жасақтай алды. Осы уақытта елде алғаш рет бортында адамдар бар жеке ғарыш кемесі Жерден ұшып шықты. Президент мәлімдемелері аясындағы шу, отбасындағы күрделі мәселелер, өз әкімшілігі мен парламент арасындағы шиеленіскен жағдай, Black Lives Matter наразылықтары, Капитолийді басып алу. Бұл Трамптың арқасында болған ең қызықты әрі таңғаларлық жағдайлар ғана емес.