05:55 26 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.07
  • EUR494.14
  • RUB6.06

Елорда тұрғындары 2023 жылға дейін толық газбен қамтамасыз етіледі. Екі жылда қалаға 645 шақырымнан астам газ желісі жүргізілген

 "Көктал-2" елді мекеніне көшіп келген Заманбек Әлкейұлы от жағудың машақатынан құтылғанына дән риза.

"Біз былтыр желтоқсанда көшіп келдік. Содан бері газды қолданамыз. Бұл өте ыңғайлы, әсіресе үлкен кісілерге тиімді. Отбасымыз, балаларымыз үшін де экологиялық жағынан таза, денсаулыққа пайдалы. Барлық тұрғынды газға ауысуға шақырамын, себебі ауа таза болады", - дейді Заманбек Әлкейұлы.

Нұр-Сұлтанда газды үйге тарту қызметі арзандады

Айта кетері, Нұр-Сұлтанда қаланы газдандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соңғы екі жылда қалада 645 шақырымнан астам газбен жабдықтау желілері салынды. Сол арқылы "Көктал-1", "Көктал-2", "Железнодорожный", "Агроқалашық" шағын аудандарының тұрғындары газға қосылуға мүмкіндік алды.

Президент Нұр-Сұлтан әкіміне елорданы одан әрі дамытуды тапсырды

Биыл күзде Оңтүстік-Шығыс, Промышленный, Агроқалашық елді мекендеріне газ қосылады.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, жыл соңына дейін Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендерін газбен қамту жоспарланған.

"Қазақ ауыл" шағын ауданы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, қаланы толық газдандыру 2023 жылы аяқталады.

Тақырып бойынша

Шығармашылық пен шабыт: елордада "Jastar jalyny" фестивалі басталды – видео
Солтүстік Қазақстанда екі күнде екі отар қой көлік астына түсті - видео
Ақтауда 43 миллион теңгенің инсталляциясы пайда болды – видео
Алматы іргесіндегі тұрғындар ауыз суға неге жарымай отыр - видео
Кілт сөздер:
газдандыру, Нұр-Сұлтан, газ, видео
Загрузка...

Басты тақырып