Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда газды үйге тарту қызметі арзандады

© Photo : официальный сайт акимата Нур-Султана Газовое оборудование
Газовое оборудование  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2021
Жазылу
Газдандыру жұмысын жүргізу құны газ құбырының ұзындығына, диаметріне, жабдықтар санына және газбен жабдықтау бойынша басқа да мәселелерге байланысты болады

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз — Sputnik. Елорда әкімдігі газдандыру компанияларымен келіссөз жүргізіп, үйішілік газбен жабдықтау құнын төмендетуге уағдаласты. Осы келісімге қосылған компанияларды арнайы тізімнен табуға болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мысалы, ұзындығы 30 метрге дейінгі газ құбырын монтаждау құны – 150 000 теңге. Осы ақшаға мына жұмыстар кіреді:

  • газ құбырының 30 метрі (құбырдың диаметрі Ду 25 мм артық емес);
  • тірек орнату – 1 дана (диаметрі Ду57 мм);
  • нысанды газбен жабдықтау жөніндегі жұмыс жобасы;
  • бекіту арматурасы (диаметрі-Ду15; Ду20; Ду25 газ краны);
  • шығын материалдары (каболка, газ құбырына арналған майлау, тегістеуге арналған дискілер, ЖЖМ, Ду25, Ду20 бұрмалары, Ду25, Ду20, Ду15 клипстері;);
  • үй ішіндегі газ құбырын бояу (- 30 м дейін және тіреуіш);
  • газ есептегішті орнату;
  • газ сигнализаторын орнату;
  • құбыр кіруі үшін тесік (Ду57-3 дана);
  • газ құбырының - 30м техникалық құжаттамаларын дайындау (өрт актісін, МГҚ қоспағанда).

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан әкімдігі газдың бекітілген бағасын жариялады

150 мың теңгені жұмысына кірмейтін қызметтер де жарияланды. Олар:

  1. қазандықтың жылу байланысы (жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйесіне қосылу);
  2. желдету каналын орнату, бұрғылау жұмыстары, сантехникалық құбырлар сатып алу;
  3. түтін жою жүйесін орнату, тесіктерді бұрғылау жұмыстары, түтін шығарғышты сатып алу;
  4. жабдық (газ қазандығы, сигнализаторлар, иілгіш шланг, газ қазандығының жинақтауыштары, газ плитасы);
  5. өрт актілері (түтін жою жүйелері, желдеткіш арнасы);
  6. үйішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету шарты;
  7. газ қазандығын іске қосу, жөндеу жұмыстары және сервистік қызмет көрсету 1 жыл;
  8. "ҚТГ Аймақ"-қа ақы төлеу (қабылдау, пломбалау, қазандық пен газ плитасын бастапқы іске қосу).

"Нысанның қорытынды құны жұмыс жобасына сәйкес жеке есептеуден кейін жарияланады. Газдандыру жұмысын жүргізудің түпкілікті құны газ құбырының ұзындығына, диаметріне, жабдықтар санына және газбен жабдықтау бойынша басқа да мәселелерге байланысты. Бұның барлығы 150 000 теңгеге кірмейді", - дейді мамандар.

Жаңалықтар
0