Сыбызғы – қазақ халқының төл аспабы қобыз, домбырамен қатар аталатын ұлттық үрмелі саз аспабы.
Сыбызғы үрмелі аспаптардың көне түріне жатады. Тарихи деректерде сыбызғының 17-19 ғасырларда қазақ даласында кең тарағаны туралы айтылады.
Ертеректе қазақ сыбызғышылары көп жағдайда сыбызғыны қурайдан, қамыстан жасап тартқан. Ғалым Құдайберген Жұбанов "қазақтың инструментінің біреуі "сыбызғы". Жұрнақ түріндегі "сыбызғы" сөзі ұяң дауыспен айтылған түрінде, мұндағы "з" дыбысын қатаң "с" дыбысына айналдырсақ, "сыбыс" болады.
"Сыбыс" қазақша "дыбыс" дегеннің бір баламасы, сонымен қатар бұл сыбызғы қамыстан, қурайдан жасалатын болғандықтан, қамыс та алғашында осы сөзбен аталып кеткен.