https://sputnik.kz/20220401/kuyshi-amerika-balalar-dombyra-23900956.html
Күйші екі жылдан бері Америкадағы балаларға домбыраны онлайн үйретіп жүр
Күйші екі жылдан бері Америкадағы балаларға домбыраны онлайн үйретіп жүр
Sputnik Қазақстан
Асқар Кенжеғалиев – "Күйшілер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Ол коронавирус пандемиясы өршіп тұрған кезде домбыра тартуды онлайн үйрете... 01.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-01T18:14+0500
2022-04-01T18:14+0500
2023-08-10T16:52+0500
домбыра
сыбызғы
америка
https://sputnik.kz/img/07e6/04/01/23900702_0:151:1600:1051_1920x0_80_0_0_cd47d654181a0116ca1ec3bfd20c21c1.jpg
АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Жақында АҚШ-тағы қазақ балалары ұлттық аспаптарда ойнап, Хьюстон қаласында наурызға орай концерт берді. Шетелде тұратын балалар ол концертке бірнеше жылдан бері дайындалған. Олар әуелі домбыра тартуды үйрену үшін онлайн сабақ алған, кейіннен Қазақстандағы ұстаздары Америкаға барған.Оралдық Асқар Кенжеғалиев – "Күйшілер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Ол коронавирус пандемиясы өршіп тұрған кезде домбыра курсын онлайн бастаған.Sputnik Қазақстан тілшісі күйшіге хабарласып, шетелдегі қазақ балаларының ұлттық аспапқа деген қызығушылығы туралы білді.Айтуынша, бастапқыда АҚШ-тағы, шетелдегі балаларға домбыра шертуді үйрету туралы ойын жергілікті мәдениет басқармасына ұсынған. Кейінгі 10 жылда Ресейде, басқа да қазақтар көп шоғырланған елдерде қазақтың домбырасын үйрететін мектеп ашқысы келген.Содан кейін таныстарынан АҚШ-тың Техас штаты Хьюстон қаласында қазақ балалары бар екенін естіп, байланысқа шыққан. Хьюстонда қазақтардың басын қосып жүрген "Шаңырақ" қоры бар. Қорды жүргізіп отырған азаматтар домбыра үйренгісі келген балаларды жинауға көмектескен."2020 жылдың 1 маусымында балаларға домбыра сабағын WhatsApp арқылы бастадым. Аптасына 2 рет сабақ онлайн өтті. Ол кезде мен де, балалар да үйде болдық. Балалар бір аптаның ішінде "Еркемай" деген жеңіл әнді орындап шықты. Бір айда "Кеңес" күйін жаттады. "Ерке сылқым" күйін екі айда орындап шыққан балалар да бар", - дейді Асқар Кенжеғалиев.Онлайн сабақ барысында тіл мәселесі қиындық тудырған. Балалардың көбі ағылшын тілінде сөйлейді. Қазақ тілінде айтылған ақпаратты түсінбей қалады."Оған мен де алдын ала дайындалдым. Екі жыл қатарынан ағылшын тілін үйрену курсына бардым. Пандемияның алдында ағылшын азаматына домбыра үйреткен тәжірибем де бар еді", - деп еске алды ол.2021 жылдың басында балалар өте жақсы көрсеткішке жеткен. Соның арқасында "Шаңырақ" қоры ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен 2022 жылы Наурыз мейрамына орай оркестр болып балалармен бірге өнер көрсетуге шақырған.Содан кейін Асқар Кенжеғалиев мәдениет және спорт министрлігіне бірнеше рет хат жазған. Алайда еш жауап болмаған.Қазір Асқар Кенжеғалиев АҚШ-та тұрып жатыр. Шетелге барған кезде ол жақтағы қазақтар қосымша жұмысқа орналастырып, пәтер жалдауға көмектескен."Жұмыстан келген соң кешке балалармен онлайн сабақ өтеміз. Ақпаннан бастап әр сенбі кездесетін болдық – балалармен оркестр болып, дайындалдық. 4 рет кездесіп, наурыздың басында оркестр болып өнер көрсеттік. 19 наурызда Хьюстон қазақтарына арналған концерт болды. 26 наурызда Нью-Йоркта қазақтардың наурыз мерекесі тойланатынын естіп, 2 баламен бірге барып өнер көрсеттік", - дейді Кенжеғалиев.Қазір оркестр құрамында 16 бала бар. Олар әртүрлі ұлттық аспапта ойнайды. Ол Қазақстаннан арнайы қылқобыз бен сырнай апарған."Ата-аналар Қазақстаннан сазсырнай, шаңқобыз, асатаяқ аспаптарын алдыртқан. Бастапқыда домбыра жағынан мәселе болмады. Себебі сабаққа қызығушылық танытқан ата-аналар балаларына арнап домбыра алдыртқан. Кейбірі Қазақстаннан келе жатқанда қос-қос домбырадан әкелген. Сапасы төмендеу болғаны да бар, Оралдан баратынымды естігенде 5-6 адам арнайы тапсырыс берді", - дейді ол.Асқар Кенжеғалиев енді Вашингтондағы Абай орталығына барып оқушыларымен бірге күй кешін өткізуді жоспарлап отыр. Мамырда жеке шығармашылық кешін өткізбек.
америка
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Айгерім Таубай
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22340822_522:0:1242:720_100x100_80_0_0_f775bb8a5329a4db086da0de8c54d7f0.jpg
Айгерім Таубай
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22340822_522:0:1242:720_100x100_80_0_0_f775bb8a5329a4db086da0de8c54d7f0.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/01/23900702_0:0:1600:1200_1920x0_80_0_0_1c94ee3c1f540674233a5126581d1190.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айгерім Таубай
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22340822_522:0:1242:720_100x100_80_0_0_f775bb8a5329a4db086da0de8c54d7f0.jpg
домбыра, сыбызғы, америка
домбыра, сыбызғы, америка
Күйші екі жылдан бері Америкадағы балаларға домбыраны онлайн үйретіп жүр
18:14 01.04.2022 (жаңартылды: 16:52 10.08.2023) Асқар Кенжеғалиев – "Күйшілер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Ол коронавирус пандемиясы өршіп тұрған кезде домбыра тартуды онлайн үйрете бастаған
АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Жақында АҚШ-тағы қазақ балалары ұлттық аспаптарда ойнап, Хьюстон қаласында наурызға орай концерт берді. Шетелде тұратын балалар ол концертке бірнеше жылдан бері дайындалған. Олар әуелі домбыра тартуды үйрену үшін онлайн сабақ алған, кейіннен Қазақстандағы ұстаздары Америкаға барған.
Оралдық Асқар Кенжеғалиев – "Күйшілер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Ол коронавирус пандемиясы өршіп тұрған кезде домбыра курсын онлайн бастаған.
Sputnik Қазақстан тілшісі күйшіге хабарласып, шетелдегі қазақ балаларының ұлттық аспапқа деген қызығушылығы туралы білді.
Айтуынша, бастапқыда АҚШ-тағы, шетелдегі балаларға домбыра шертуді үйрету туралы ойын жергілікті мәдениет басқармасына ұсынған. Кейінгі 10 жылда Ресейде, басқа да қазақтар көп шоғырланған елдерде қазақтың домбырасын үйрететін мектеп ашқысы келген.
"Бұл ұсынысым көп жыл бойы жауапсыз қалды. Осы жоспарды 2018 жылы Орал қаласының әкіміне айттым, әкімдік қолдады. Алайда елде әлеуметтік мәселелер көбейіп, басты назар сол бағытқа бұрылды. 2019-2020 жылдары коронавирус пандемиясы басталды", - дейді ол.
Содан кейін таныстарынан АҚШ-тың Техас штаты Хьюстон қаласында қазақ балалары бар екенін естіп, байланысқа шыққан. Хьюстонда қазақтардың басын қосып жүрген "Шаңырақ" қоры бар. Қорды жүргізіп отырған азаматтар домбыра үйренгісі келген балаларды жинауға көмектескен.
"2020 жылдың 1 маусымында балаларға домбыра сабағын WhatsApp арқылы бастадым. Аптасына 2 рет сабақ онлайн өтті. Ол кезде мен де, балалар да үйде болдық. Балалар бір аптаның ішінде "Еркемай" деген жеңіл әнді орындап шықты. Бір айда "Кеңес" күйін жаттады. "Ерке сылқым" күйін екі айда орындап шыққан балалар да бар", - дейді Асқар Кенжеғалиев.
Онлайн сабақ барысында тіл мәселесі қиындық тудырған. Балалардың көбі ағылшын тілінде сөйлейді. Қазақ тілінде айтылған ақпаратты түсінбей қалады.
"Оған мен де алдын ала дайындалдым. Екі жыл қатарынан ағылшын тілін үйрену курсына бардым. Пандемияның алдында ағылшын азаматына домбыра үйреткен тәжірибем де бар еді", - деп еске алды ол.
2021 жылдың басында балалар өте жақсы көрсеткішке жеткен. Соның арқасында "Шаңырақ" қоры ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен 2022 жылы Наурыз мейрамына орай оркестр болып балалармен бірге өнер көрсетуге шақырған.
Содан кейін Асқар Кенжеғалиев мәдениет және спорт министрлігіне бірнеше рет хат жазған. Алайда еш жауап болмаған.
"Қаржылай көмек көрсетілмейтінін білдім. "Шаңырақ" қоры жоспар бір жыл бұрын құрылғанын, өзгермейтінін айтты. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына үлгермейтін болдық. Виза алу процесі де біразға созылды. Құжат дайын болған соң желтоқсанның соңында жолға шықтым. Оралдағы жұмысымнан 6 айға уақытша шығып, Америкаға келдім", - дейді ол.
Қазір Асқар Кенжеғалиев АҚШ-та тұрып жатыр. Шетелге барған кезде ол жақтағы қазақтар қосымша жұмысқа орналастырып, пәтер жалдауға көмектескен.
"Жұмыстан келген соң кешке балалармен онлайн сабақ өтеміз. Ақпаннан бастап әр сенбі кездесетін болдық – балалармен оркестр болып, дайындалдық. 4 рет кездесіп, наурыздың басында оркестр болып өнер көрсеттік. 19 наурызда Хьюстон қазақтарына арналған концерт болды. 26 наурызда Нью-Йоркта қазақтардың наурыз мерекесі тойланатынын естіп, 2 баламен бірге барып өнер көрсеттік", - дейді Кенжеғалиев.
Қазір оркестр құрамында 16 бала бар. Олар әртүрлі ұлттық аспапта ойнайды. Ол Қазақстаннан арнайы қылқобыз бен сырнай апарған.
"Ата-аналар Қазақстаннан сазсырнай, шаңқобыз, асатаяқ аспаптарын алдыртқан. Бастапқыда домбыра жағынан мәселе болмады. Себебі сабаққа қызығушылық танытқан ата-аналар балаларына арнап домбыра алдыртқан. Кейбірі Қазақстаннан келе жатқанда қос-қос домбырадан әкелген. Сапасы төмендеу болғаны да бар, Оралдан баратынымды естігенде 5-6 адам арнайы тапсырыс берді", - дейді ол.
Асқар Кенжеғалиев енді Вашингтондағы Абай орталығына барып оқушыларымен бірге күй кешін өткізуді жоспарлап отыр. Мамырда жеке шығармашылық кешін өткізбек.