Дерекқор

Шымкенттегі облыстық опера және балет театры

Жазылу
Қазақ театр өнерінің дамуына үлес қосу мақсатында құрылған облыстық опера және балет театрының тарихын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Театр қашан құрылды

Облыстық опера және балет театры 2007 жылы 3 сәуірде құрылды. Өнер ордасының шымылдығы 2008 жылы 7 қарашада "Інжу-Маржан" қойылымымен ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысқан болатын.

Тағы оқыңыз: Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры

Театр ғимараты 1984 жылы салынған, 2007 жылы театрға бейімделіп қайта қалпына келтірілді. Мекеме ішінде 300 көрерменге арналған үлкен зал мен 86 орындық кіші зал бар.

Дулыға Ақмолда - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Дулыға Ақмолда: Актер деген мамандықты төменге түсіріп жібердік...
Шығармашылық ұжым мен репертуар

Бүгінде облыстық опера және балет театрының репертуарындағы қойылымдар мыналар:  Дж.Верди "Травиата", "Риголетто", Р.Леонкавалло "Паяцы", А.Жұбанов, Л.Хамиди "Абай", Е.Брусиловский "Қыз Жібек", С.Мұхамеджанов "Айсұлу",  Е.Рахмадиев "Қамар Сұлу", Қазақ операларынан үзінділер жиынтығы "Інжу-Маржан", П.Чайковский "Евгений Онегин", С.Рахманинов "Алеко", У.Гаджибеков "Аршын мал алан", Г.Доницетти "Махаббат шырыны", М.Төлебаев "Біржан – Сара»", П.Масканьи "Сельская честь", С.Ахметова, Р.Шынықұлов "Махаббат мұнарасы", Дж.Россини "Севильдік шаштараз",  И.Морозов "Доктор Айболит", Р.Салаватов "Қарлы ханым", П.И.Чайковский "Щелкунчик".

Репертуардағы спектакльдердің үшеуі балаларға арналған.

Театрда барлығы 212 адам жұмыс істейді, оның ішінде 103-і – әртістер.

Тағы оқыңыз: "Екі езу" сатира театры

Өнер иелерінің арасында 1 Қазақстанның халық әртісі, 4 мәдениет қайраткері, 1 Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, 2 мәдениет саласының үздігі бар.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Майра Ілиясова - Sputnik Қазақстан
Майра Ілиясова: Ринат айтыста профессор болсын, ал Димашта жұмысы болмасын
Театрды кім басқарады

Шымкенттегі облыстық опера және балет театрын 2017 жылдың 1 ақпанынан бері Қазақстанның мәдениет қайраткері Әбдіхан Нұрмаханбетов басқарады.

Театрдың көркемдік жетекшісі – Мәдихан Дүйсеев.  Халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, 2018  жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысы әкімінің "Ең үздік әнші" номинациясын жеңіп алды.

Жаңалықтар
0