Ручка и бумага - Sputnik Қазақстан
Өмірбаяндар
Sputnik Қазақстан саясаткерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, спортшылар мен әншілердің өмірбаянын ұсынады. 

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы – өмірбаян

© Sputnik / Владислав ВодневАрыстанбек Мұхамедиұлы
Арыстанбек Мұхамедиұлы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арыстанбек Мұхамедиұлы төртінші премьер-министрдің кезінде мәдениет және спорт министрі қызметін жалғастырып келеді

Арыстанбек Мұхамедиұлының еңбек өтілі - отыз бес жыл, деп еске салады Sputnik Қазақстан.

Өмірбаяны

Арыстанбек Мұхамедиұлы Әлиев 1963 жылы 11 ақпанда  Алматы облысы Талғар ауданы бұрынғы Калинин атындағы колхоз – қазіргі Тұздыбастау ауылында дүниеге келді. 2008 жылдың қазан айында фамлиясын Мұхамедиұлы деп өзгертті.

© Sputnik / Болат ШайхиновАрыстанбек Мұхамедиұлы
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы – өмірбаян - Sputnik Қазақстан
Арыстанбек Мұхамедиұлы

Білімі

1981 жылы Жұбанов атындағы республикалық мамандандырылған музыка мектебін бітірген.

Арыстанбек Мұхамедиұлы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Арыстанбек Мұхамедиұлы жұртты тағы қалай таңғалдырып жүр?

1986 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясындағы виолончель сыныбының түлегі атанды.

1997 жылы Қазақстан Республикасы президенті жанындағы мемлекеттік басқару Ұлттық жоғары мектебін "Мемлекеттік басқару" мамандығы бойынша бітірді.

2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын бітіріп, 2003 жылы кандидаттық диссертация қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді (Ph.D).

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

Отбасылық жағдайы

Жары: Искакова Ғалия Нығметқызы. Балалары: қызы – Айжан, ұлдары - Дінмұхамед, Жандос.

Мұхамедиұлы жазған әнді Қайрат Нұртас пен Айдана Меденова орындады

Еңбек өтілі

Еңбек жолын 1984 жылы Жамбыл Жабаев атындағы Қазақ мемлекеттік филаромниясында Мемлекеттік симфониялық оркестрдің әртісі болып бастаған.

1991 жылы мәдениет минитрлігінің бас маманы ретінде мемлекеттік қызметке ауысып, кейінірек, 1993 жылы министрдің көмекшісі болып тағайындалады. 1997 жылдан бастап республикалық гвардияның президенттік оркестрін басқарған.

Арыстанбек Мұхамедиұлы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министрлік шенеуніктерінің ұсталуы: Мұхамедиұлы отставкаға кетуге дайын ба?

2003 жылы Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі "Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясы" РМҚК-нің атқарушы директоры, 2005 жылы "Қазақ әуендері" АҚ-ның президенті қызметін атқарды.

2006 жылы Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат вице-министрі лауазымында қызмет етті.

2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы президент әкімшілігінің әлеуметтік саясат бөлімінің бас инспекторы, ішкі саясат бөлімі мәдениет секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2008 жылы президентінің бұйрығымен Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды.

2014 жылғы наурыз айында президентінің жарлығымен Қазақстанның мәдениет министрі болып тағайындалды, сол жылы 6 тамызда президент жарлығымен Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды. 

Басқа қызметтері

2018 жылдың 9 қаңтарынан бері Kazakh Tourism ұлттық компаниясы директорларының кеңесіне кіреді.

2017 жылдан бері Қазақстан президенті жанындағы рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру ұлттық комиссиясының мүшесі қызметін атқарып келеді.

Мұхамедиұлы қазақ мультфильмдерінің жоқтығына қынжылған депутатқа ән айтып берді

Марапаттары мен атақтары

Қазақстан президентінің жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алған. Елбасының алғыс хатының иегері. "Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл", "Қазақстан Республикасының Конститутциясына 10 жыл", "Астананың 10 жылдығы", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтойлық медальдарымен, "Құрмет" орденімен, "Астана" медалімен марапатталған.

© Sputnik / Владислав ВодневАрыстанбек Мұхамедиұлы "Айка" фильмінің тұсаукесерінде
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы – өмірбаян - Sputnik Қазақстан
Арыстанбек Мұхамедиұлы "Айка" фильмінің тұсаукесерінде

"Әлемдік деңгейдегі мәдениет және өнер шебері" (World master in Аrts and Сulture) жоғары атағына ие болды. 2012 жылы Ресейлік "Жыл менеджері" конкурсының жеңімпазы атанды.

  • Өнертану докторы, тақырыбы: "ЮНЕСКО-мен ынтымақтастық аясында Тәуелсіз Қазақстанның өнері";
  • Философия докторы (Ph.D), тақырыбы: "Қазақстан-ЮНЕСКО: мәдени ынтымақтастық аспектілері".

Шығармашылығы

Мұхамедиұлы бірқатар музыкалық шығарманың авторы: "Астана" (сөзі: Н. Айтұлы), "Мақтанышым Елбасы" (сөзі: М.Қасымбеков), "Асыл сезім" (сөзі: И. Исаев), "Анажан" (сөзі: М. Қасымбеков), "Алматы көктемі" инструменталдық туындысы, "Жан әке" (сөзі: А. Дүйсенбі), "Бақытты жандармыз" (сөзі: А. Дүйсенбі), "Достарым" (сөзі: А.Дүйсенбі), "Ата-анаға тағзым" (сөзі: М.Қасымбеков), "Бақытым", "Ана" (сөзі Ш. Сариев), "әл-Фараби атындағы ҚазҰУ гимні" (сөзі: Ұ. Есдәулетов), "Бақыт құсы" (би музыкасы), "Шабыт" би композициялары, үрмелі аспаптарға арналған марштар.

Жаңалықтар
0