Қоғам

Арыстанбек Мұхамедиұлы жұртты тағы қалай таңғалдырып жүр?

© Photo : скрин видеотрансляцииАрыстанбек Мұхамедиұлы
Арыстанбек Мұхамедиұлы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтар кеше алғаш рет домбыра күнін атап өтті

АСТАНА, 2 шілде — Sputnik. Басы дауға жиі қалатын Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бұл жолы жұртшылықты жақсы қырынан таңғалдырды. Ол алғаш рет домбырамен халық күйін орындап, ұлттық аспапты жаңадан үйренушілерге шеберлік класын өткізді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мұхамедиұлы Төреғалидің концертінде шыққан дауға қатысты пікір білдірді

Мерекелік шарада сөз сөйлеген министр домбыраның қазақ халқының өмірінде ерекше маңызы бар екендігін атап айтты. 

"Барша қазақстандықтарды осынау қасиетті мереке – ұлттық домбыра күнімен құттықтағым келеді. Қазақ халқы үшін домбыра – ұлттық  аспап қана емес, оның жаны мен қаны, ары мен бары, қасиеті мен киесі. Домбыра – халықтың  қайғы мен мұңын, қуаныш пен шаттығын жеткізе білген сенімді серігі. Ұрпақтан ұрпаққа бабалардың үнін жеткізіп, ұлы даланың сазды сарынын жырлаған да домбыра. Бүгін қасиетті домбыраны қолына алып, осы мерекені атап өту үшін үлкен-кіші қалаларда халық алаңға күймен шықты. Тек қана Астанада 2000 домбырашы бір мезгілде бірнеше шығарма  орындаған таңғажайып мерекені Елбасының  өзі де тамашалады", – деді Мұхамедиұлы. 

© Photo : Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіАрыстанбек Мұхамедиұлы домбырамен халық күйін орындап берді
Арыстанбек Мұхамедиұлы жұртты тағы қалай таңғалдырып жүр? - Sputnik Қазақстан
Арыстанбек Мұхамедиұлы домбырамен халық күйін орындап берді

Қазақстандықтар енді шілде айының алғашқы жексенбісінде ұлттық домбыра күнін атап өтетін болады. Бұл мейрам президенттің қаулысымен бекітілген еді. 

Үкімет басшысы әзілдейді - Sputnik Қазақстан
Видео
Сағынтаев пен Мұхамедиұлы үкімет отырысында не деп әзілдесті?

Осыған орай, мәдениет және спорт министрлігінің хабарлаууынша, Астана және Алматы қалаларында домбыра күніне орай бұқара халыққа арналған мерекелік шара болып өтті. Астана қаласының "Қазақ Елі" монументі ескерткішінің алдында екі мың домбыра ұстаған өнер иелері бір мезгілде "Көңіл ашар", "Адай", "Балбырауын", "Ерке Сылқым" және "Сарыарқа" сынды бірнеше танымал күйді орындады. Күйлерді орындауға танымал музыканттар, қоғам  және мемлекет қайраткерлері, олардың қатарында депутат Бекболат Тілеухан, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүл Үлкенбаева, дирижер Арман Жүлдебаев және басқа күйшілер қатысты.  


Жаңалықтар
0