Қоғам

Министрлік шенеуніктерінің ұсталуы: Мұхамедиұлы отставкаға кетуге дайын ба?

© Sputnik / Болат ШайхиновАрыстанбек Мұхамедиұлы
Арыстанбек Мұхамедиұлы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғалары ұсталғанын хабарлаған еді

АСТАНА, 30 қазан — Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қол астындағы қызметкерлердің ұсталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды тілшісі.

Кісен - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мәдениет министрлігі ұсталған қызметкерлерінің жұмыстан шығарылмағанын айтты

"Біз баспасөз мәслихатында ресми түрде өзіміздің көзқарасымызды білдірдік. Басқа алып қосарым жоқ. Ол (министрліктің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев — Sputnik) 10 күнге демалысқа шығуға өтініш жазды. Біз заң аясында жұмыс істейміз", — деп қысқа қайырды министр үкімет кулуарында.

Журналистер Арыстанбек Мұхамедиұлынан "ұсталған қызметкерлердің кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетесіз бе?" деп сұраған еді. Алайда министр мырза бұл сұраққа нақты жауап берген жоқ.

Тағы оқыңыз:

Еске сала кетсек, 26 қазан күні мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астанадағы мейрамханада мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғалары ұсталғанын хабарлаған еді. Алайда агенттіктің ресми өкілі қанша адамның ұсталғанын нақтылаған жоқ. Ол қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын, басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейтінін жеткізді.

Жемқорлық - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда 7 шенеунік парамен ұсталды - видео

Кейін Астана соты министрліктің әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаевтың 24 желтоқсанға дейін үйқамаққа алынғанын хабарлады.

29 қазан, яғни кеше мәдениет және спорт министрлігі лауазымды тұлғалардың ұсталуына қатысты баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Белгілі болғандай, Еренай Дәржібаев өзіне қатысты жүргізіліп жатқан тергеуге байланысты қазір жұмыс орнында жоқ. Алайда министрлікке оны жұмыстан босату туралы ешқандай құжат келіп түспеген. Сол себепті директор міндетін атқару жауапкершілігі басқа қызметкерге жүктелді.

Ал министрліктің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев 24 қазаннан бастап өзі өтініш білдіріп, министрдің ресми бұйрығымен 10 күнге ақысыз демалысқа кеткен.

Жаңалықтар
0