Қоғам

Қазақстанда 7 шенеунік парамен ұсталды - видео

© SputnikЖемқорлық
Жемқорлық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Аграрлық несие корпорациясы" компаниясының басқарма төрағасының орынбасары аса ірі көлемде жемқорлық жасаған

АСТАНА, 16 қазан — Sputnik. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстанда жоғары лауазымды шенеуніктердің ұсталғанын хабарлады.

"Аграрлық несие корпорациясы" компаниясының басқарма төрағасының орынбасары жемқорлық жасады деген күдікке ілінген. Ведомство хабарлағандай, ол қол астындағы қызметкерлерден пара алып отыру схемасын ойлап тапқан. Қызметкерлер жұмыс бабы бойынша қорғаншылық жасағаны үшін басшы орынбасарына сыйақыларының жартысын беріп отырыпты.

"Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы филиал басшыларының сыйақыларынан 720 мың теңге пара алғандығы анықталды. Алған параның жалпы сомасы есептеліп жатыр", — деп мәлімет берді агенттік.

Компания басшысының орынбасары ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды, 13 қазанда сот оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау шешімін қабылдады.

Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысындағы "Аграрлық несие корпорация" компаниясының филиалы басшысы да жемқорлық жасады деген күдікке ілінді.

Ведомство мәліметінше, күдікті 2017-2018 жылдары көлік жалдау туралы келісім мерзімін ұзартып, атқарылған жұмыстар туралы жалған актілерге қол қойып және жалпы қорғаншылық көрсеткені үшін бизнесменнен пара алған. Алған ақшаның жалпы сомасы 300 мың теңге.

Сонымен қатар, Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы жемқорлықпен ұсталды. Оған атқарылған жұмыс туралы актіге қол қойғаны үшін мердігер ұйым басшысынан 5,5 миллион теңге пара алды деген күдік келтірілген.

Тергеу анықтағандай, параны облыстық мәслихат депутаты мен оның ұлы беріпті. Басқарма басшысы ұсталып, абақтыға қамалды. Пара берді деген күдікпен депутаттың ұлы да ұсталды. Жасы егде әрі денсаулығы төмен болғандықтан, депутаттың өзі қамауға алынған жоқ.

Бұдан бөлек, Алматы облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысы, азаматтық қорғаныс полковнигіне де жемқорлық жасады деген айып тағылды.

Ол азаматтарды жұмысқа алғаны үшін өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің кадрлық жұмыс бөлімі басшысынан 300 мың теңге пара алды деген күдікке ілініпті. Айыбын толығымен мойындағандықтан, полковник ұсталған жоқ.

Сонымен бірге, Қорғаныс істері бойынша біріккен бөлім (Щучинск) басшынының орынбасары мен қорғаныс министрлігі № 32363 әскери бөлімшесінің штаб басшысы да жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды.

Бұдан бұрын Қазақстанның Өзбекстандағы елшісіне .

Жаңалықтар
0