НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) орта салмақтағы WBA чемпионы жапон Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады Sports.kz.
Бұл туралы алдымен DAZN тілшісі Крис Мэнникс айтты: "Ақпарат көздеріне сүйенсек, Головкин мен Муратаның өкілдері Жапонияда белбеулерді біріктіру жекпе-жегін өткізу жайын талқылады".
Оқи отырыңыз: Шереметаны жеңген Головкиннің гонорары жарияланды
Содан кейін бұл ақпаратты Головкиннің промоутерлерінің бірі Эдди Хирн растады: "Геннадий Муратамен 31 желтоқсанда жұдырықтасуды жоспарлап отыр".
Сондай-ақ Хирн бұл жекпе-жекке дейін Головкин америкалық Деметриус Андрадеге қарсы (30-0, 18 КО) орта салмақта тағы бір жекпе-жек өткізетініне сенім білдірді.