Спорт

Шереметаны жеңген Головкиннің гонорары жарияланды

© AFP 2024 / Cliff HawkinsГеннадий Головкин и Камилу Шеремета в их поединке за титул чемпиона мира по версии IBF в Seminole Hard Rock Hotel & Casino 18 декабря 2020 года в Голливуде, штат Флорида
Геннадий Головкин и Камилу Шеремета в их поединке за титул чемпиона мира по версии IBF в Seminole Hard Rock Hotel & Casino 18 декабря 2020 года в Голливуде, штат Флорида - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин қарсыласын техникалық нокаутпен ұтқан болатын. Бұған дейін ол Шереметаны төрт рет нокдаунға түсірді

НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан — Sputnik. Boxingscene.com ақпаратына сәйкес, жекпе-жек үшін Головкин жеті миллион доллар гонорар алады.

Жерлес боксшы үшін Шереметамен кездесу DAZN стримингтік сервис келісімшарты бойынша алты жекпе-жектің үшіншісі болуы тиіс еді. Бұл кездесу үшін бастапқыда 15 миллион доллар төленуі керек еді. Белгілі журналист Майк Коппинджердің пікірінше, платформа басшылығы Шереметамен жекпе-жек үшін бұл тым қымбат деп шешкен.

Нәтижесінде тараптар Головкин табысын екі есеге қысқартты. Олар Шереметамен кездесу келісімшарттағы алты жекпе-жектен тыс өтеді деген шешім қабылдады. Осылайша, Головкиннің DAZN-мен әлі төрт келісімшарты сақталып отыр.

DAZN бұл кездесуге айтарлықтай қызығушылық танытпаған. Алайда GGG оның өтуін қалады. Өйткені ол поляк спортшысымен жекпе-жек өткізуге келіскен.

Еске сала кетсек, 19 желтоқсан күні таңертең Геннадий Головкин жеті раундтан соң Камил Шереметаны тізе бүктірді. GGG IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулдарын қорғады.

Жаңалықтар
0