Спорт

Головкин әлем чемпионымен жұдырықтасады – жекпе-жектің күні белгілі болды

© AP Photo / Isaac BrekkenГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Геннадий Головкин жапониялық Риота Муратамен осы жылдың 31 желтоқсанында жұдырықтасуды жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) орта салмақтағы WBA чемпионы жапон Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады Sports.kz.

Бұл туралы алдымен DAZN тілшісі Крис Мэнникс айтты: "Ақпарат көздеріне сүйенсек, Головкин мен Муратаның өкілдері Жапонияда белбеулерді біріктіру жекпе-жегін өткізу жайын талқылады".

Оқи отырыңыз: Шереметаны жеңген Головкиннің гонорары жарияланды 

Содан кейін бұл ақпаратты Головкиннің промоутерлерінің бірі Эдди Хирн растады: "Геннадий Муратамен 31 желтоқсанда жұдырықтасуды жоспарлап отыр".  

Сондай-ақ Хирн бұл жекпе-жекке дейін Головкин америкалық Деметриус Андрадеге қарсы (30-0, 18 КО) орта салмақта тағы бір жекпе-жек өткізетініне сенім білдірді.  

Жаңалықтар
0