Спорт

"Ол жынданып кете жаздады". Леффлер Головкин басынан кешкен қиын кезеңді еске алды

© AFP 2024 / Frederic J. BrownГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің жекпе-жегі 15 қыркүйекте өтеді

АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. Орташа салмақ дәрежесінде WBA Super, WBC және IBO бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Сауль Альвареспен екінші жекпе-жек туралы келісім жасалғанға дейінгі оқиғаны баяндады, деп жазады Sports.kz.

Геннадий Головкин мен бапкері Абель Санчес, архив сурет - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Қалжың шығар дедім". Головкиннің бапкері "Канеломен" атышулы кездесудің мән-жайын ашты

"Канелоның" дисквалификациясы мен "Синко де майодағы" жекпе-жек болмай қалған соң, болашағымыз бұлыңғыр еді. Келіссөздер тығырыққа тірелді. IBF те қатты қысым көрсеткен соң, Головкин жынданып кете жаздады. Біз келіссөздер барысында әртүрлі бағыт ұстап, тіпті Билли Джо Сондерспен кездесу туралы ойлай бастадық. Ақыры өздері хабарласып, GGG-ді қанағаттандыратын ұсыныс айтты. Сөйтіп, бұл жекпе-жек болатын болды", — дейді Леффлер.

"Канело" — GGG екінші кездесу Лас-Вегаста T-Mobile Arena рингінде өтеді.

"Мен оның денесіндегі ине іздерін көрдім". Головкин мәлімдеме жасады

"Канело" Головкинмен алғашқы жекпе-жекте арамдық жасағаны әшкере болды

Жаңалықтар
0