АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. Орташа салмақ дәрежесінде WBA Super, WBC және IBO бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Сауль Альвареспен екінші жекпе-жек туралы келісім жасалғанға дейінгі оқиғаны баяндады, деп жазады Sports.kz.
"Канелоның" дисквалификациясы мен "Синко де майодағы" жекпе-жек болмай қалған соң, болашағымыз бұлыңғыр еді. Келіссөздер тығырыққа тірелді. IBF те қатты қысым көрсеткен соң, Головкин жынданып кете жаздады. Біз келіссөздер барысында әртүрлі бағыт ұстап, тіпті Билли Джо Сондерспен кездесу туралы ойлай бастадық. Ақыры өздері хабарласып, GGG-ді қанағаттандыратын ұсыныс айтты. Сөйтіп, бұл жекпе-жек болатын болды", — дейді Леффлер.
"Канело" — GGG екінші кездесу Лас-Вегаста T-Mobile Arena рингінде өтеді.