Спорт

"Қалжың шығар дедім". Головкиннің бапкері "Канеломен" атышулы кездесудің мән-жайын ашты

© AP Photo / Greg BeachamГеннадий Головкин мен бапкері Абель Санчес, архив сурет
Геннадий Головкин мен бапкері Абель Санчес, архив сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Абель Санчес Головкин мен "Канелоның" бірінші жекпе-жегінен соң болған қызық жайт туралы айтып берді

АСТАНА, 9 шілде — Sputnik. Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес GGG мен Сауль "Канело" Альварестің бірінші жекпе-жегінен кейін болған қызықты жайт туралы айтып берді, деп хабарлайды Sports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Мен оның денесіндегі ине іздерін көрдім". Головкин мәлімдеме жасады

"Өкінішке орай, төреші шешімі оқылғанға дейін Golden Boy Promotions  президенті Эрик Гомес келіп, жекпе-жектің тең аяқталғанын айтты. Төрешілер есепті жариялағанға дейін болды. Ол мұны қайдан біліп қойды деп таңғалдым. Басында қалжың шығар дедім, өйткені 12 раундтың 8-ін таза жеңдік деп санаған едім, тіпті бұрмалау болған күннің өзінде, жеті де бес есебімен жеңуге тиіс болатынбыз. Нәтижені естіп қатты қапаландық, неге бұлай болғанын түсіну қиын", — деп мойындады Санчес ESPN-ге берген сұхбатында.

Боксшылардың қарымта кездесуі 15 қыркүйекке жоспарланған. Өтетін орны — Лас-Вегастағы T-Mobile Arena.

"Канело" Головкинмен алғашқы жекпе-жекте арамдық жасағаны әшкере болды

Головкин "Канелоны" не үшін нокаутқа түсіргісі келмейтінін мойындады

"Ол құрметтің не екенін білмейді". Головкин "Канелоға" тағы шүйлікті

Жаңалықтар
0