Спорт

Әлем чемпионатында еліміздің әнұранын тағы да шатастырған соң, отандастарымыз өздері орындап берді

© Sputnik / Михаил Киреев / Медиабанкке өтуҚазақстандық жанкүйер
Қазақстандық жанкүйер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көрермендер мен өзге спортшылар қазақстандықтарға ду қол шапалақ соғып, қолдау көрсетті

АСТАНА, 20 қараша — Sputnik. Сочиде өтіп жатқан самбодан әлем чемпионатында Қазақстанның ескі әнұранының фонограммасы қосылған. Трибунада отырған қазақстандықтар әнұранды жанды дауыспен шырқап, мәселені шешіп берді.

майшам - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстандық клубтың бұрынғы футболшысы ойын кезінде қайтыс болды

Қазақстандық спортшы Есет Қуановты алтын медалмен марапаттау кезінде ұйымдастырушылар осындай қателікке бой алдырыпты. 

Ескі әнұран ойналғанда, Қуанов басын шайқап, қателік кеткенін көрсеткен. Сол кезде трибунада отырған отандастарымыз орындарынан тұрып, әнұранды фонограммасыз айтып берді. Комментатор мен көрермендер қазақстандықтарға разы болып, диктор жіберілген ағаттық үшін кешірім сұрады. 

Оқиғаның видеосын Дидар Нөкеш есімді әлеуметтік желі қолданушысы жариялап, еліміздің әнұранын ылғи шатастырып алатынын атап өтті. 

Жаңалықтар
0