АСТАНА, 19 қараша — Sputnik. Орынбор футболының әйгілі ойыншысы, екі қазақстандық клубтың экс-футболшысы Игорь Чумейко 64 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Sports.kz.
Порталдың хабарлауынша, 16 қарашада Чумейко әуесқойлар матчында өзін нашар сезініп, кейін қайтыс болған.
"Орынбор" футбол клубының ұжымы Игорь Чумейконың отбасына қайғырып көңіл айтады", — делінген футбол клубының ресми сайтында жарияланған хабарламада.
© Photo : "Оренбург" ФК ресми сайты Екі қазақстандық клубтың экс-футболшысы Игорь Чумейко 64 жасқа қараған шағында қайтыс болды
Екі қазақстандық клубтың экс-футболшысы Игорь Чумейко 64 жасқа қараған шағында қайтыс болды
© Photo : "Оренбург" ФК ресми сайты
Игорь Чумейко "Газовик", "Локомотив" және "Прогресс" орынборлық клубтарында, сонымен қатар "Химик" (Мелеуз), "Пищевик" (Орск) клубтарында ойнады.
Қазақстанда ол 1993 жылы "Қарашығанақ" және 1995 жылы "Ферро" клубтарының ойыншысы болды. Екеуі де қазір жоқ.
Кәсіптік деңгейде Чумейко 300-ге жуық матч өткізген.