Қоғам

Кәрім Мәсімов билікті күшпен басып алуға әрекеттенді деген күдікке ілінді – ҰҚК

© Sputnik / Владислав ВодневГлава КНБ Карим Масимов на заседании правительства
Глава КНБ Карим Масимов на заседании правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2022
Жазылу
Мәсімовтен бөлек ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарларына қарсы қылмыстық іс қозғалған
НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті  Кәрім Мәсімовтың ісіне қатысты қосымша ақпарат таратты.
Қазіргі кезде комитеттің бұрынғы төрағасы мемлекетке опасыздық жасау әрекеті бойынша жауапқа тартылып жатыр.
"Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды", - делінген ресми хабарламада.
Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Мәсімовтен бөлек ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – "А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды.
Айта кетері, 6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов қамауға алынған болатын. Қылмыстық кодексте мемлекетке опасыздық жасау әрекеті үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Оқи отырыңыз: ҰҚК бұрынғы басшысы Мәсімов қамауға алынды 
Жаңалықтар
0