https://sputnik.kz/20220113/Karim-Masmov-ne-ushin-ustaldy-19136772.html
Кәрім Мәсімов билікті күшпен басып алуға әрекеттенді деген күдікке ілінді – ҰҚК
Кәрім Мәсімов билікті күшпен басып алуға әрекеттенді деген күдікке ілінді – ҰҚК
Sputnik Қазақстан
Мәсімовтен бөлек ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарларына қарсы қылмыстық іс қозғалған 13.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-13T13:48+0500
2022-01-13T13:48+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
кәрім мәсімов
https://sputnik.kz/img/1263/74/12637489_0:0:3159:1777_1920x0_80_0_0_43c3137896dbca25826911dec72aeabf.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімовтың ісіне қатысты қосымша ақпарат таратты.Қазіргі кезде комитеттің бұрынғы төрағасы мемлекетке опасыздық жасау әрекеті бойынша жауапқа тартылып жатыр.Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Мәсімовтен бөлек ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – "А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды.Айта кетері, 6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов қамауға алынған болатын. Қылмыстық кодексте мемлекетке опасыздық жасау әрекеті үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.Оқи отырыңыз: ҰҚК бұрынғы басшысы Мәсімов қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1263/74/12637489_151:0:2882:2048_1920x0_80_0_0_f7d496a7ee5562470707d4c315c9a0a4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кәрім мәсімов
Кәрім Мәсімов билікті күшпен басып алуға әрекеттенді деген күдікке ілінді – ҰҚК
13:48 13.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Мәсімовтен бөлек ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарларына қарсы қылмыстық іс қозғалған
НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімовтың ісіне қатысты қосымша ақпарат таратты.
Қазіргі кезде комитеттің бұрынғы төрағасы мемлекетке опасыздық жасау әрекеті бойынша жауапқа тартылып жатыр.
"Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды", - делінген ресми хабарламада.
Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Мәсімовтен бөлек ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – "А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды.
Айта кетері, 6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов қамауға алынған болатын. Қылмыстық кодексте мемлекетке опасыздық жасау әрекеті үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.